Күмiсбайұлы Шәкен

Литература

17.10.1943, Алматы обл.

Балалар жазушысы

Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты

Ш.Күмісбайұлы – бүкіл саналы ғұмырын балаларға арнап келе жатқан жазушы. «Қарақуыстың желі», «Атамның аманаты», «Қайсар бала», «Бір арқа отын», « Солақай», «Итталас», «Жүз он бір жұмбақ», «Тұңғыштар», «Шатақ шырпы», «Қалам мен дәптер», «Бейтаныс заттар дауы», «Табиғат – Ана», «Шапағатты шырақ», «Түнгі текетірес» және басқа да кітаптардың авторы. Балаларға арналып жазылған «Қаракерей Қабанбай», «Қанжығалы Бөгенбай», «Шақшақ Жәнібек», «Райымбек батыр» атты кітаптары бар. Мектеп бағдарламасына арнап «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Ер Тарғын» эпостарын поэзиядан қара сөзге айналдырған. Шығармаларының барлығында дерлік балалар тәрбиесіне, оқу-білімге, бірлікке, елдікке, отансүйгіштікке шақырады. Жас буынды тәрбиелеуге Ш.Күмісбайұлының шығармалары орасан үлес қосады.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • «Солақай» Сборник стихов 
Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес