Майтанов Бақытжан

Литература

Әдебиеттанушы ғалым

Бақытжан Майтанов – қазақ әдебиеттануындағы жаңа бағыттың көшбасшысы болған ғалым. Ол бүкіл саналы ғұмырын ғылымға, оның ішінде сөз өнерінің құдыреті мен қыр-сырын, табиғатын танып-білуге арнаған жан. Ғалым әдебиеттанудың қиын да күрделі салаларын тереңдей зерттеп, көркем шығармадағы автор,  суреткерлік шеберлік, жаңашыл ізденістер, модернизм және постмодернизм әдебиеті жайлы  теориялық бағытта  тұжырымдар жасап, қазақ қаламгерлерінің шығармаларын жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеді.

Ғалым сондай-ақ шығармашылық портрет, көркем туындыдағы психологизм мәселелерін де тың бағытта зерттеп-зерделеді. Оның зерттеулерінде жаңа тұжырымдар, сол негізде туындаған терминдік ұғымдар көптеп ұшырасады.

Қазақ романының психологиялы иірімдерін жан-жақты қарастырған аталған еңбегінде көркем туындыны талдаудың жаңа тәсілдері, автор мен кейіпкер арасындағы байланыс басты назарда болып, психологизмді «көркемдік әлемнің жұлын-жүйкесі», «көркемдік шындық принципінің айрылмас сыңары» ретінде түсіндіреді. Ол психологизмнің ішкі монолог,  психологиялық параллелизм, психологиялық реплика түрлерінде көрініс тапқанын айқындай көрсетіп, басқа да тәсілдермен жүзеге асырылатындығын мысалдармен дәлелдейді

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Зерттеу «Қазақ романы және психологиялық талдау»