Мырза-Әлі Қадыр

Литература

05.01.1935, Орал обл. – 24.01.2011, Алматы қ.

Ақын, драматург, сыншы. 

Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Ой орманы» өлеңдер жинағыоқушы қауымының бірде қарт болып маңдайынан сипаса, бірде замандасы болып сыр шертеді. Өмір жолында тоғысқан, жүрегін бейжай қалдырмаған әрбір дүниені, әрбір құбылысты өткір тілмен жеңіл береді. Жанды оятады, сананың сілкінуіне алып келеді. Адамдар арасында ұмыт болып бара жатқан, парқы түскен құндылықтардың қадір-қасиетін еске түсіреді, кеудеде әлдебір шақта сөніп қалған мейірім шырағын қайта үрлейді. Тіршіліктің жандысын да, жансызын да жүрегімен сүйіп, айналасына тек көңіл көзімен баға берген ақынның адамдық биігіндегі бейнесі қайсыбір қазақтың болмасын ғұмырында бір үміттің жылт беруіне, батылдық пен намыстың, рухтың оянуына мәңгілік жанған жалын бола бермек.Қадыр Мырза-Әлі – қазақ әдебиетінде ғана емес, руханиятында да терең танымы, халыққа деген махаббаты арқылы тағылымы түгесілмейтін бағасыз еңбек сіңірген қаламгер. Ақын лирикасының дені философиялық ойға құрылған.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихов «Ой орманы»