Мырзахметұлы Мекемтас

Литература

09.05.1930,

Оңтүстік Қазақстан обл.

Әдебиеттанушы

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары».

Монография

Мекемтас Мырзахметұлы – қазақ әдебиеттану ғылымында өзіндік орны бар, зерттеушілік қабілеті биік ғалым.  Оның зерттеу нысанасы - абайтану мен мұхтартану, бауыржантану, иасауитанудың, Абайдың ақындық зертханасы, ақын мұрасының рухани нәр алған қайнар көздері, шығыспен байланысы.

Аталған монографиясында ғалым Абай мұрасындағы мораль философиясының негіздерін М.Әуезов зерттеулері аясында қарастырады. Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» дастанында қамтылып, Иасауидің «хал ілімі» (камили инсани) арқылы негізделіп, Абайдың «толық адам ілімі» арқылы дәстүрлі жалғастық тапқан жәуанмәртлік, яғни иманигүл (үш сүю) мәселесін талдап‚ бір жүйеге түсіреді. Абайтану мен мұхтартанудың ғылыми негізді қарым-қатынасы жаңа ғылым талабына сай зерттеледі. Абай шығармаларын жаңа қырынан талдап, бұрын айтылмай келген шығыстық мәселелер мен танылмай келген ойларды, шығыстық термин сөздерді бүгінгі күн зәрулігі тұрғысынан жаңаша қорытып, тұжырым жасайды.

Мекемтас Мырзахметұлы – қазақ әдебиетінің түрлі салаларынан маман даярлап, кешенді ғылыми жобаларды жүзеге асырды. Абайтанудың библиография көрсеткіштерін құрастырып (1965, 1988, 1995) алғысөзін жазды. «Абай» энциклопедиясы мен М.Әуезовтің 20 томдық, 50 томдық шығармалар жинағын шығаруға атсалысты.

 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  •  Монография «Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары»