Нұрғали Рымғали

Литература

01.06.1940, Семей обл. – 16.02.2010, БАЭ, Дубай

 

Әдебиеттанушы, жазушы,қоғам қайраткері

ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры»  Зерттеу

Ғалым Рымғали Нұрғали – ұлттық әдебиеттанудың сапалық тұрғыдан биік деңгейге көтерілуіне зор үлес қосқан тұлға. Оның  «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атты зерттеуі әдебиеттің жүз жылдық келбетін тұтас күйінде зерделететін елеулі еңбек.

Оның 80-90 жылдардағы әдебиеттегі «ақтаңдақтарға» қатысты мақалалары тың ғылыми-теориялық тұжырымдамаларымен, өміршең ой-пікірлерімен бағдарлық сипат алды. Кезінде қайта түлеген ой-сана көшін бастаған осы зерттеулер ұрпаққа ұлағаттық жол көрсеткен  әдебиеттегі ұлттық рухтың көркемдік қуатын тану мен таныту болатын. Бұл ұстанымға ол үлкен дайындықпен келді. Ғалым бұрынғы зерттеулеріндегі ХХ ғасыр әдебиетіне қатыстысын іріктеп алып, әдебиеттегі рухани үндестікті, идеялық бірлікті, сан қилы көркемдік әдіс-тәсілдер мен ағым-бағыттар тоғысын саралау арқылы ғасырлық әдебиеттің ұлттық келбетін айқындап берді. «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атты зерттеу еңбегі – әдебиетіміздің «ақтаңдағына» айналған ақын-жазушылар шығармашылығын уақыт талабына сай танытқан жоба, ХХ ғасыр әдебиеті көрнекті тұлғаларының әдеби мұраларын тұтас бір көркемдік құбылыс ретінде қарау концепциясын ұсынған күрделі зерттеу.

 

 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  •  Исследование «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры»