Салғараұлы Қойшығара

Литература

01.04.1939,

Қостанай обл.

Жазушы,тарихшы

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Қазақтар».

Роман-эссе

Қойшығара Салғараұлы - сан салалы шығармашылық ізденістегі қаламы қарымды жазушы, тарихшы. «Соқпақ жолға бастайды», «Тоғысқан тағдырлар», «Сол бір күндер» прозалық туындылары топтастырылған кітаптардың, Абай даналығы және дүниетанымы зерделенген «Таным баспалдақтары» еңбегінің авторы.  «Алтын тамыр», «Көмбе» ,«Қазақ қазақ болғанда дейін», «Қазақтар» роман- эсселерінде, «Ұлы қағанат», «Ежелгі түріктер» зерттеулерінде  қазақ халқының сан ғасырлық көне тарихы көркем де әсерлі тілмен баяндалған.

«Қазақтар» роман-эссесінде ұлы даланы мекен еткен айбынды да айбарлы бабаларымыздың біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдан бастап кейінгі тарих толқынындағы қилы кезеңдерге дейінгі тарихы жүйелі сараланған. Қазақ халқының елдік жолындағы ерлік пен өрлігі, жеңісі мен жеңілісі, хандық іргесін тіктеудегі шарықтауы мен құлдырау белестері кеңінен көрініс тапқан. Ұлы даланы мекен еткен халқымыздың ұлттық жасампаздығын, рух асқақтығын паш еткен роман-эссенің тәлімдік-тәрбиелік маңызы зор.

 

 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  •  Роман-эссе «Қазақтар»