Сүлейменов Асқар

Литература

29.12.1938, Оңтүстік Қазақстан обл. – 15.05.1992, Алматы қ.

Жазушы, әдебиет сыншысы, драматург. 

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қазақ әдебиетінің сыншылық, прозалық және драмалық арналарын өзіндік жаңалығымен, ерекше ойларымен, тың идеяларымен кеңейтіп, қазақ руханиятының өркендеуіне елеулі үлес қосқан қаламгердің бірі де бірегейі. Оның «Бесатар» повесі қазақ әдебиетіндегі тың шығарма ретінде саналды. Тарихи тақырыпты көтерген бұл повесте жазушының ерек ойлары оқушысының да ойына төңкеріс жасағандай болды.Мәдениеттің де, әдебиеттің де өсіп-өркендеуіне тек тілеулес болып қана қоймай үздіксіз ізденіс пен шығармашылық шыңына ұмтылған жазушының идеялары айналасын өзгертуге мүмкіндік берді. Ішкі сезімі мен ойының бүкпесіздігі, анық та қанық, мөлдірлігі, тілінің тазалығы мен өткірлігі қазақ әдебиетінің көркемдік-эстетикасында да, сюжеті мен кейіпкерлерін жасауда да өз қолтаңбасын қалдырды. 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • «Бесатар». Сборник рассказов и повестей