Тоқтаров Рамазан Айыпұлы

Литература

13.09.1935, Солтүстік Қазақстан обл. –

13.01.2000, Алматы

Жазушы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері

«Абайдың жұмбағы» роман

Рамазан Тоқтаров – өнімді еңбек етіп, соңында мол мұра қалдырған майталман жазушы. Оның очерктері мен публицистикалық, эссеистикалық шығармалары да аз емес. Балаларға арналған туындылары да бар.

Р.Тоқтаров өткен ғасырдың 60-жылдары әдебиетімізге жаңа леппен келген топтың ішінде өзіндік дара қолтаңбасымен оқшауланды. Оның алғашқы туындыларынан бастап, кейінгі романдарына дейін еуропалық модернистік бағыттың көптеген сипаттары көрінді.

Жазушының аса жоғары баға алған романдарының бірі – «Абайдың жұмбағы». Роман Абай Құнанбайұлының жеке адамдық және шығармашылық тұлғасының белгісіз қырларын ашуымен құнды. Автордың өзі «роман-хамса» деп атаған бұл туынды -эпикалық баяндаумен қатар философиялық ой-толғаулары, түйіндеулері мен пайымдаулары бірге өріліп отыратын зияткерлік мәні басым шығарма. Жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» романын негізге ала отырып, онда қамтылмай қалған өмірлік айғақтарды көркемдік тұрғыда игеруді мақсат еткені аңғарылып отырады. Абай өмір сүрген, ұлы ақынды қалыптастырған отбасы мен қоғамдық ортасын терең танытуға күш салған. Романнан Абай мен оның айналасына қатысты көп шындықтың астарлы сыры ашылған. Туындының көркемдік қуатымен бірге танымдық, ғибраттық мәні де өте күшті.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора