Тұрғынбекұлы Серік

Литература

01.03.1946, Қостанай обл.

Ақын,драматург

Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты

Ұлттық поэзия әлеміне өткен ғасырдың 70-жылдары келген Серік Тұрғынбекұлы – тума талант, сыршыл да сертті ақын. Оның қаламынан туған «Сүйген жүректен» бастап «Кеш келген көктемге» дейінгі жыр жинақтары шабытты шығармашылық болмысын танытты.

«Жерорта» - ақынның поэзиялық тәжірибесі әбден толыққанда жариялаған, Тәуелсіздік заманның мән-мағынасын айқындаған жинағы. С.Тұрғынбекұлы өлең тілімен қазіргі заман қиындықтарын айта отырып, жасып-жабырқамай, жігерленіп, елдіктің ертеңіне қажет бағдарды меңзейді. Жинақтағы өлеңдер әдеттегідей рух беретін сипатымен ерекшеленеді. Ақынның айрықша шабытпен, сезімге беріле жазатыны – арнау жырлар. Бұлар - мақсаты айқын, мағынасы терең өлеңдер. Толғаулар мен поэмаларының да бағдары анық, тұжырымы терең. Ақын ұлт пен ел тағдырын арқау еткен өлеңдерінде рух серпіні, елшілдік дәстүрі дәріптеліп, азаматтың атажұрт алдындағы парызы мен қарызы көркем тілмен жеткізіледі.

С.Тұрғынбекұлының өлең кестесі, поэтикалық бейнелері мен портреттері, уызға жарыған сөз өрнегі биік поэзия шартына сай сомдалған.

Ақынның таңдамалы жырлары, тарихи-танымдық тақырыптағы драмалары Тәуелсіз Қазақстанның рухани қазынасын еселендірді.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора