Жиенбай Қуаныш

Литература

03.05.1952, Қызылорда обл.

Жазушы

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері

«Жеміс ағаштары піскен жоқ» повесінде адам тағдыры мен Арал мәселесі ерекше ашылған. Ауыл ақсақалының арман-аңсарларынан ел мен жер тағдыры, ұлт пен ұрпақ қамы, табиғат қасаңдығының адам өміріне, еңбегіне, мінезіне  кері әсері анық аңғарылады. Адам мен табиғат қатнасы, экология мәселесі де тиісінше орын алады. Автор адам мен табиғат қатнасындағы тепе-теңдік мәселесін өткір көтеріп,көркемдікпен сенімді суреттейді. Қоғамдағы кереғар жайттар, кезең көріністері адам өмірі мен еңбегінен де танылып, кеше мен бүгін байланысы кең орын алады. Ауыл мен қалы тынысы, адамдар арасындағы қатнас,заман шындығы өз ара салыстырылып, өмір-тұрмыс, тіршілік иірімдеріне маңыз беріледі. Қоғамдағы келеңсіздіктің адам өмірі мен еңбегіне, тұрмысына әсері нақты сөз болады. Автор бұл жайттарды өз ара салыстыру, монолог пен диалог қызметі негізінде көркем жеткізеді. Оқиға өрімі, деталь дәлдігі, тіл мүмкіндіктері де назар аудартады.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  •  Повесть «Жеміс ағаштары піскен жоқ»   
Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес