Жаңалық

1 тамызда тегін кәсіптік курстар басталады

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

1 тамызда Қарағанды мен Теміртауда Jumys tap жобасы аясында тегін қысқа мерзімді курстар басталады, деп хабарлайды Ruh.kz.

«Оқыту Қарағанды және Теміртау қалаларындағы жеті колледжде 48 мамандық бойынша жүргізіледі: тігінші, аспаз, кондитер, шаштараз, жартылай автоматты дәнекерлеуші, фрезерлеуші, токарь, сайт жасаушы, бейнемонтаж, графикалық дизайн, мобилография және тағы басқалар», - деп хабарлады Қарағанды облыстық еңбек мобильдігі орталығы.

Барлық қажетті ақпаратты консультациялық пункттерден алуға болады. Қарағандыда - «Таир», «Умай» сауда үйлерінде, «Ёжик» супермаркетінде (бұрынғы «Кировец»), Теміртауда – орталық базарда.

Консультациялық пункттердің жұмыс кестесі: сейсенбі /сенбі түскі ассыз 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Сондай-ақ, байланыс орталығына хабарласуға болады: 60-50-50, Whats App: 8-775-644-35-80.

Call center жұмыс кестесі: дүйсенбі / жұма 09:00-ден 18:30-ға дейін.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button