Жаңалық

«100 жаңа есім». Өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының IV маусымына қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылғы 21 наурызға дейін ұзартылды.

Жобаға қатысушылардың өтінімдері еліміздің барлық аймақтарынан келіп түсуде.

Жобаның IV маусымы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өтуде. «100 жаңа есім» жобасының қатысушысы болу үшін 100janaesim.ruh.kz. сайтындағы өтінімді толтыру қажет. Өз кезегінде ұйымдастырушылар ел арасынан лайықты үміткерлерді іздеуді жалғастыруда.

Жобаға қатысу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар:

– қатысушының кәмелеттік жасқа толуы (18 Жас), ҚР азаматтығы;

– еліміздің дамуына қосқан нақты үлесі.

Өтінімдер қабылданып болған соң келесі кезең – жалпыхалықтық дауыс беру және қазылар алқасы мүшелерінің жеңімпаз болуға лайықты үміткерлерді іріктеуі басталмақ.

Биыл беделді қазылар алқасының мүшелері арасында жобаның өткен жылдардағы жеңімпаздары да бар. Солардың бірі – эколог, Каспий итбалықтарының қорғаушысы Әсел Баймұқанова.

«Мен үшін жобаның IV маусымындағы басты жаңалығы – «Экология» номинациясының пайда болуы, бұған мен өте қуаныштымын. Бүгінгі таңда Қазақстанда экология мәселелері өте өткір және халық арасында қолдау тауып жүр. Бізге және өскелең ұрпаққа мектептен бастап экологиялық тәрбиеге назар аудару қажет, сондықтан бұл номинацияның пайда болуы маңызды-ақ. Барлық әріптестерімді, жас экологтарды, еріктілерді «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуға шақырамын», – дейді Әсел Баймұқанова.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button