«100 жаңа есім»: үміткерлерге дауыс беру кезеңі аяқталды
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ІV маусымына барлығы 2790 қазақстандық қатысуда деп хабарлайды Ruh.kz. порталы.
Жобаға қатысуға ниет білдіргендердің арасында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары белсенділік танытты. Олардың тарапынан 343 өтінім келіп түскен. 237 азаматтың кандидатурасын ұсынған Маңғыстау облысы екінші орында болса, үздік үштікті Ақмола облысы түйіндеді. Биыл жобаға қатысуға 214 ақмолалық ниет білдіріпті.
Дауыс беру барысында техникалық қызмет жекелеген кандидаттар тарапынан бірқатар манипуляцияларды тіркеді. Осы ретте 13 қатысушының дауыс беру нәтижелері жойылып отыр.
Манипуляция құралдарының арасында дауыстарды бұрмалау қызметтерін пайдалану, бір IP-мекен-жайдан жаппай дауыс беру әрекеті байқалды. Мұндай әрекеттер портал жұмысының баяулауына әкеліп соқты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, үміткерлер тарапынан құқық бұзушылықтар, дауыс беру жинау кезеңі барысында дауыстар санын бұрмалаушылық сияқты басқа да жағдайларды анықталса, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығара алады.