Жаңалық

«100 жаңа оқулық»

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген оқулықтардың Тарих және мәдениеттанулық бағыттағы еңбектерін оқып, үйрену және ол еңбектердің ерекшеліктері мен оқулықтарды оқу үдерісіне енгізудің өзекті мәселелері ортаға салынды

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «100 жаңа оқулық» коворкинг орталығында семинар-кеңес өтті. Жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласындағы тапсырмаларға сай «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген оқулықтардың Тарих және мәдениеттанулық бағыттағы еңбектерін оқып, үйрену және ол еңбектердің ерекшеліктері мен оқулықтарды оқу үдерісіне енгізудің өзекті мәселелері ортаға салынды.

Семинар-кеңес жұмысына бағдарламаға сай жарияланған еңбектер арасында Росс Е.Данн мен Лора Дж.Митчеллдің «Панорама: ДЖ тарихы І-ІІ томдары» мен Алан Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы» атты еңбектері және Светлана ТЕР-МИНАСОВА-ның «ТІЛ және мәдениетаралық коммуникация» және Ювал Hoah Xapapи «Sapiens. Адамзаттың қысқаша тарихы» атты еңбектері талқыланды.

«100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылып, басылған оқулықтардың негізгі оқырманы – студенттер. Сол себепті студенттер мен академиялық ортаның кітаптарға қатысты пікірін білу, кері байланыс орнату аса маңызды. Сондықтан жиында ОҚМПУ Тарих және қоғамдық пәндер кафедрасының ғалымдарының пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Іс-шараға қаладағы ЖОО ұстаздары, студент жастары, зиялы қауым өкілдері және Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің өкілдері қатысты.

Айта кетейік, жалпы жоба басталғалы бері 48 оқулық ағылшын, француз, орыс тілдерінен аударылып, еліміздегі 130 оқу орнына таратылған және 2018-2019, 2019-2020 оқу жылының бағдарламасына енгізілген. Әрі оқытушылардан құралған жұмыс тобы әлемнің таңдаулы кітаптарын оқу бағдарламасына енгізу үшін арнайы әдістеме құралдарын әзірледі.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button