Жаңалық

100 оқулық: Әлемнің 13 тіліне аударылған кітап ана тілінде басылып шықты

«Эстетика» – эстетикалық ойдың классиктері мен осы саладағы белгілі ғалымдардың идеяларын баяндайтын құнды еңбек.

 

Кітап қазақ тіліне «100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып басылды.

 

Орыс тілінде 6 рет, ал өзге тілдердегі басылымын қоссақ, жалпы 21 рет жарияланған.

 

Бұл кітаптың ерекшелігі неде?

 

1. Заманауи эстетиканың негізгі мәселелері жүйелі түрде баяндалады;

 

2. Эстетиканың жалпыадамзаттық құндылықтары мен әлемдік эстетикалық мәдениеттің ережелері қамтылған;

 

3. Өнердің табиғаты, мәні, шығуы мен дамуының теориялық тарихы мен оның проблемаларын рет-ретімен түсіндіріп береді;

 

4. Эстетика категорияларын, көркемдік қабылдаудың ерекшеліктерін ашуға ұмтылады.

 

Авторы – Юрий Борев. Белгілі ғалым, жазушы, ұзақ жылдар Ресей ғылым академиясы Әлем әдебиеті институты теория бөлімінің меңгерушісі, халықаралық эстетика қауымдастығының мүшесі болған.

 

Оқулықтың қазақ тіліндегі нұсқасы 10 000 дана басылыммен ЖОО кітапханаларына таратылады.

 

Кітаптың қазақ тіліндегі басылымын әзірлеген шығармашылық топ

 

Аудармашылар – Әлия Бөпежанова, сыншы, аудармашы;

 

Қорғанбек Аманжол (Корганбек Аманжол) – ақын, аудармашы, журналист.

 

Ғылыми редактор – Ақтолқын Тұрлыханқызы (Актолкын Кулсариева), философия ғылымдарының докторы, профессор;

 

Әдеби редактор – Дәурен Мұхамедиев (Даурен Мухамадиев (Дәурен Мұхамадиев), филология ғылымдарының кандидаты;

 

Жауапты шығарушы – Жұлдыз Әбіл.

 

Кітап эстетика курсы кәсіпқой маманға, студентке, мәдениет саласында зерттеу жүргізетін, осы тақырыпқа қызығатын барша оқырманға арналған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button