100 оқулық: Кино өнері туралы кітап аударылды

Томас Эльзессер мен Мальте Хагенердің «Кино теориясы. Сезім тұрғысынан кіріспе» деп аталатын еңбегі «100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылды.
Кітапта қарастырылған мәселелер:
1. Кітапта кино теориясына тарихи шолу жасалған.
2. Авторлар киноны қабылдау мен тән арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан зерттеген.
3. Көрермен мен экран арасындағы байланыстың «сыртқы» ықпалдан біртіндеп «ішкі» әсерге ауысатын жеті түрлі ерекшелігін түсіндіреді;
4. Модернистік және неореалистік теориялардан бастап психоаналитикалық, «аппараттық», феноменологиялық және когнитивтік теорияларға дейінгі маңызды кезеңдерді қамтиды;
5. Философия мен неврология тоғысында пайда болған жаңа теориялар да ұмыт қалмаған;
6. Цифрлық дәуірдегі кинематографиялық тәжірибені зерттеу жолдары көрсетіледі.
Кітаптың қазақ тіліндегі басылымын әзірлеген шығармашылық топ
Аудармашылар:
1. Гүлжаһан Жолдасбаева;
2. Мұхит Төлеген, дінтану бойынша философия докторы (PhD);
3.Дана Әмірбекова, өнертану магистрі, кинотанушы;
4. Әдина Жүсіпова, әдеби редактор, журналист, Ұлттық аударма бюросының редакторы;
5. Баубек Нөгербек, ғылыми редактор, кинотанушы, өнертану бойынша философия докторы (PhD).
Кітап гуманитарлық оқу орындарының студенттеріне, сала мамандары мен кино теориясына қызығатын оқырманға арналған.