100 оқулық: Саясат философиясы туралы кітап аударылды
Танымал философ ғалым Джонатан Уолфтың «Саясат философиясына кіріспе» (An Introduction to Political philosophy) деп аталатын еңбегі тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды.
Кітапта қозғалған тақырыптар:
1. Автор адамзатты ежелден алаңдатқан, қазіргі кезде де өзектілігін жоғалтпаған саяси ғылымдардың негізгі ұғымдарын қарастырады;
2. Платон, Аристотельдерден бастап Гоббс, Локк, Руссо, Бентам, Юм, Милль, Ролз және Нозик сияқты қазіргі заман ойшылдарының көзқарастары мен тұжырымдары қатар талданады.
Кітаптағы әрбір тарау нақты бір мәселені немесе қайшылықтарға толы жайтты талқылауға арналған:
1. Мемлекет жоқ «табиғи күйде» жағдай қандай болады? Өмір адам төзгісіз бола ма?
2. Мемлекеттің қол астындағы өмір табиғи күйге қарағанда тиімдірек деген пікірді қабылдадық делік. Бұл біздің мемлекет шығарған заңдарға бағынуға моральдық міндетіміздің бар екенін көрсете ме?
3. Мемлекет құрылымы мен жұмысын қалай ұйымдастыруымыз керек? Ол демократиялық болуға тиіс пе?
4. Мемлекеттің қолындағы билік қай деңгейде болуы керек? Немесе азаматтарға қандай дәрежеде еркіндік берілуі тиіс?
5. Еркіндік пен әділдік орнату мақсатында экономикалық іс-қимылдарға қойылған шектеулердің негізі бар ма?
Кітаптың қазақ тіліндегі басылымын әзірлеген шығармашылық топ
Аудармашы: Сиқымбаева Дамира Алиқызы, саясаттану бойынша философия докторы (PhD);
Ғылыми редакторлар:
Құранбек Әсет Абайұлы, философия ғылымдарының кандидаты;
Муминов Нұрлан Әкімбайұлы, саясаттану және халықаралық қатынастар бойынша философия докторы (PhD);
Сәрсек Нәзира Әбдіманапқызы, әдеби редактор, түркітану бойынша философия докторы (PhD).
Кітап студенттерге арналған академиялық зерттеу ғана емес, саяси ой кеңістігіне саяхат жасауды қалайтындарға да пайдалы болатын еңбек.