100 оқулық: Тарих шежіресі жайлы кітап аударылды
«Тарихи білім тарихы» – тарихи білімнің кәсібилену процесі кешенді түрде зерттелген еңбек.
Қазақ тіліне «100 жаңа оқулық» жобасы аясында 4-басылымы аударылды.
Авторлары: Репина Л.П., Зверева В.В., Парамонова М.Ю.
Кітапта:
1. Архаикалық дәуірден біздің заманымызға дейінгі тарихи сананың қалыптасуы мен тарихи ойдың эволюциясы баяндалады;
2.Тарихи білімнің кәсібилену процесі, оның ғылым пәні ретінде орнығуы кешенді түрде қарастырылған;
3. Тарихнама бойынша негізгі мектептер мен бағыттардың сипаттамасы беріледі;
4. Тарихты зерттеудің мәселелері, әдіснамасы, пәні мен міндеттерін түсінудегі өзгерістер жан-жақты зерттелген;
5. Орыс және шетел тарихшыларының туындылары, тарихи білімнің табиғаты, критерийлері, ғылыми және қоғамдық мәртебесі талданады.
Қазақ тіліндегі басылымын әзірлеген шығармашылық топ
Аудармашы – Ұстағалиев Ернар Опағалиұлы, тарих ғылымдарының магистрі;
Әдеби редактор – Мұхамедиев Дәурен Бақдәулетұлы, филология ғылымдарының кандидаты;
Ғылыми редактор – Көкебаева Гүлжаухар Кәкенқызы, тарих ғылымдарының докторы, профессор;
Оқулық тарих факультетінің студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, оқытушыларға және тарихқа қызығатын жалпы оқырман қауымға арналған.