100 оқулық: «Театртану» туралы кітап аударылды
Танымал театртанушы Кристофер Балмның «Театртану» еңбегі қазақ тіліне аударылды.
«Театртану. Кіріспе» (Theatre Studies) – театр тәжірибелерін түрлі мәдени және тарихи астар арқылы түсіндіретін еңбек.
1960 жылдарға дейін «театртану» мен «театр тарихы» терминдері синоним ретінде қабылданып келді. Бұл кітапта автор театр тарихшылары пайдаланатын маңызды әдістер мен зерттеу принциптерін қарастырады.
Авторы – Кристофер Балм. Ол: «Тарихи және заманауи театрды зерттеуге қажетті әдістер мен құралдарды егжей-тегжейлі қамти отырып, бұл кіріспе өзгермелі пәннің күрделі тұстарын қарастырады», – дейді.
Кітап мазмұны:
1. Театртануды зерттеу әдістері мен тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінген;
2. Музыка театры, би театры, театр мен өзге медиа арасындағы байланыс, виртуал сахна, драма, опера сияқты негізгі театр жанрлары, театр құраушы элементтер, көрермен және аудитория, көрермен реакциясы, жалпы театр теориясынан бастап қазіргі зерттеулер толықтай қамтылған;
3. Әр бөлімнің соңында тақырыпты тереңірек түсіну әрі зерттеу үшін пайдалы нұсқаулықтар беріліп отырады;
4. Терминдер мен арнайы салалық ұғымдар өте көп.
«Театртану» қазақ тіліне «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып басылды. Таралымы – 10 000 дана. Жақында еліміздегі университет кітапханаларына тегін таратылады.
Кітаптың қазақ тіліндегі басылымын әзірлеген шығармашылық топ
Аудармашы және жауапты редактор: Есей Жеңісұлы (Есей Жеңісұлы) – журналист, Ұлттық аударма бюросында 2017 жылдан бері редактор қызметін атқарып келеді.
Ғылыми редактор: Аманкелді Мұқан (Аманкелди Мукан (Amankeldi Mukan) – өнертану кандидаты, театртанушы. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының доценті.
Әдеби редактор: Бану Дәулетбаева (Бану Даулетбаева) – Ұлттық аударма бюросының редакторы, филология магистрі.
Оқулық Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы өнертану факультетінің театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасында талқылаудан өтті.
Кітап өнертану бағытында білім алып жатқан студенттер мен магистранттарға және осы саланы зерттеушілерге арналған.