100 оқулықтың алғашқылары латын қарпімен жарық көреді
«Ұлттық аударма бюросы» алдыңғы қатарлы ЖОО-мен бірлесе аударылған алғашқы 18 оқулық философия, әлеуметтану, психология, дінтану, мәдениеттану, тіл білімі, антропология, экономика бағыттарын қамтиды
2017 жылғы 20 қазанда Астанада «Жаңғыру 3.0: Рухани Жаңғыру» тақырыбына арналған сарапшылар талқысы сериясы аясында Еуразиялық интегарция институты және «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ ұйымдастыруымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасын жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік орган басшылары, ғалымдар мен ұстаздар, аудармашы-редекторлар мен баспагарлер, сондай-ақ белгілі тілші ғалымдар мен әдебиетшілер қатысты.
http://e-history.kz/media/upload/ckimages/ee5d3df0463bad667c3da05602bc6428.jpg” style=”height: 594px; width: 900px;” />
Конференция барысында қазіргі гуманитарлық білім, аударманың өзекті мәселелері және латын әліпбиіне көшу барысында туындайтын орфография мәселелері талқыланып, Ұлттық аударма бюросы негізінде құрылған аудармашылар қауымдастығының күшімен аудармашылар мен редакторлардың біліктілігін арттыру, осы мақсатта терминологиялық сөздіктерді толықтыру, біріздендіру және редакторларға арналған анықтамалықтар әзірлеу жобалары сөз болды.
Конференция жұмысына қатысушылар «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасының маңыздылығын атай отырып, жоба аясында қол жеткізуге болатын бірқатар міндеттерді атады. Атап айтқанда, біріншіден, 100 оқулық аудару нәтижесінде ғылыми контент қоры көбейіп, қазақ тілінің ғылыми қоры халықаралық ғылыми лексикамен байытылады. Бұл тілдің дамуына септігін тигізбек. Екіншіден, жоғары оқу орындарындағы білімнің мазмұны әлемдік деңгейге көтерілуге мүмкіндік алады. Үшіншіден, бұл жоба Қазақстандағы аударма мектебін күшейтуге зор үлес қоспақ.
http://e-history.kz/media/upload/ckimages/11a8dffa4d6342ff527f94b246d68bac.jpg” style=”height: 600px; width: 900px;” />
Латын әліпбиіне көшумен байланысты маңызды мәселе – емле ережелері екенін еске отырып, конференция барысында осы бағытта атқарылатын жұмыстар анықталды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында аталған арнайы жобалардың қатарында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бастамасы бар. Бұл жобаны іске асыру үшін «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры (үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым) құрылған.
«Ұлттық аударма бюросы» алдыңғы қатарлы ЖОО-мен бірлесе отырып, алғашқы 18 оқулық аударылды. Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, дінтану, мәдениеттану, тіл білімі, антропология, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік бағыттарын қамтиды. Аударма жұмысына жүзден аса оқытушы ғалым, аудармашы, редакторлар мен баспагерлер тартылды.
Жоба аясында аударылып жатқан оқулықтардың бірінің авторы, француз философ-ғалымы, профессор Реми Хесс конференцияда сөйлеген сөзінде Франциядағы гуманитарлық білімнің орны мен қазіргі жағдайы туралы пікір айтты: «Көптеген елдерде «гуманитарлық ғылым» аталатын білім санаты Франция мектептерінде енгізіліп жатыр. Ол ілім «философия» деп аталады, бірақ антропология, психоанализ, әлеуметтану мен психология мәселелерін де қамтиды. Менің философияның таңдаулы 25 кітабы туралы еңбегім гуманитарлық ғылымдармен таныстыруды мақсат ете отырып, философияның осындай кеңейтілген өрісін ескереді. Өйткені жиырма классик философпен қатар, басқа салада еңбек етсе де, философиялық мәні бар О.Конт, Ф.Лө Пле, З.Фройт, Х.Лефевр немесе Г.Ляпассад сынды ғалымдарды да атадым».
http://e-history.kz/media/upload/ckimages/7d86507dc731c6a416dcedddf91ccf0f_resize_w_520_h_.jpg” style=”height: 600px; width: 900px;” />
Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асу барысын баяндап, бюроның алдағы жұмыс жоспары мен мақсаттары жайлы ақпарат берді: «Қазір 100 оқулықтың он сегізі аударылып жатыр. Яғни он сегіз оқулықтың аударма жұмысы аяқталып, мәтін редакторлар қолынан өтіп, беттеле бастады. Жақын арада оқулықтарды электрон форматта 100kitap.kz сайтында көпшілік назарына ұсына бастаймыз. Ұлттық аударма бюросы сонымен қатар аудармашылардың біліктілігін арттыру, редакторлар даярлау жұмысына да аса мән беріп отыр. Қазақстанда аудармашылар мен редакторлар мектебін қайта жаңғырту осы жоба аясында жүзеге асады деп ойлаймыз».
http://e-history.kz/media/upload/ckimages/0195e72998ef7b49117edf752db89272.jpg” style=”height: 600px; width: 900px;” />
Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығметов конференцияда сөйлеген сөзінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәні мен маңызына тоқталып, конференцияға қатысушыларды институт іске асырып жатқан жобалармен таныстырып, «Жаңғыру 3.0: Рухани жаңғыру» тақырыбында өткізілген конференциялар мен дөңгелек столдардың нәтижесі туралы айтып өтті. Осы іс-шаралар аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асуы кең көлемді талқыланды. Бағдарламаның қоғам арасында кеңінен танымал болуына оның сапалы менеджменті ықпал етті. «Әлемнің үздік оқулықтарын қазақ тіліне аудару студенттердің білім деңгейін арттырып, жеке адам және маман ретінде табысқа жетуіне жол ашады», – деді Еуразиялық интеграция институтының директоры.
Заңғар КӘРІМХАН