Жаңалық
Редакция таңдауы
11 қаңтарда мектеп оқушылары қалай оқиды?
Еліміздің бірнеше өңірінде 11 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушыларының сабақтары онлайн режимге көшірілді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: dalanews.kz
- Қостанай қаласында бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары;
- Павлодар қаласында бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері (9-сынып негізінде);
- Екібастұз және Ақсу қалаларында бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары, 9-сынып негізіндегі колледждердің 1-2 курс студенттері онлайн оқыту форматына көшірілді.
- Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды. Боран, көктайғақ, желдің екпіні 30 немесе одан да көп метрге жетеді деп күтілуде.
- Теміртауда 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына көшіріліп жатыр. 5-11 сынып оқушылары әдеттегідей оқуда.
- Қарағандыда мектептерде сабақ әдеттегідей өтеді.
- Таразда мектепалды даярлық және 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн режимінде өтеді.
- Семейде бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне (9-сынып базасында) сабақ қашықтан оқыту форматына көшірілді.