Жаңалық
1446 кезекші сынып ашылады
Кезекші сыныпқа 21 мың 637 оқушы барады. Пандемия жағдайына байланысты сынып ішілік қауіпсіздік шаралары қатаң түрде сақталады.
Бұл туралы Атырау облысының əкімі Махамбет Досмұхамбетов брифингте айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Мектептер залалсыздандыру құрал-жабдықтарымен толық қамтылды. Үнемделген қаражатқа тепловизорлар алынып жатыр. Сондай-ақ, шалғай 17 елді мекеннің бастауыш сынып оқушылары көлік тасымалымен қамтамасыз етіледі, – деді брифинг барысында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.