163 әйел елге қайтарылды
«Жусан» операциясы аясында террористік белсенділігі бар елдерден республикаға Қазақстанның 163 әйел азаматы қайтарылды
Халық арасында зайырлы құндылықтарды ілгерілету, конфессияаралық келісімді сақтау және діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде 2019 жылы 3 миллион адамды қамтитын 50 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында АҚДМ басшысы Аида Балаева мәлімдеді.
Министр атап өткендей, бұл жұмыс құрамында 300 білікті маманы бар ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысына басты назар аударылады. Осы құрылымдардың тиімділігін арттыру үшін ағымдағы жылы мамандар санын 500 адамға дейін арттыру, сондай-ақ 1 200 лекторды қайта даярлау жоспарлануда.
Министрдің айтуынша, «Жусан» операциясы аясында террористік белсенділік аймағынан қайтарылған 163 әйелді қайта әлеуметтендіру бойынша кешенді алдын алу жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда олардың 144-і радикалды діни көзқарастардан бас тартты, ал кейбіреулері зайырлы өмір салтына толығымен көшті.
2019 жылы әлеуметтік желілерде, электрондық БАҚ және басқа да интернет-алаңдарда діни экстремизм идеологиясын қарсы насихаттау аясында 5,3 мыңнан астам интернет-ресурстардың мазмұны талданды, оның ішінде 3,2 мыңы құқыққа қарсы сипаттағы материалдарды қамтиды. Олардың барлығы уақтылы бұғатталған.