Жаңалық

19:50-де «Жақсылық» көркем фильмі көрсетіледі

Бүгін сағат 19:50-де «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан Жақсылық Үшкемпіров туралы «Жақсылық» көркем фильмі көрсетіледі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген фильм Токио Олимпиадасы қарсаңында елде және шет мемлекеттерде де көрсетіледі деп жоспарланған. Алайда әлемдік коронавирус пандемиясына байланысты кинотеатрлардағы көрсетілімі кейінге шегеріліп келді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы еліміздің Мәдениет және спорт министрлігіне көркем туындыны телекөрерменге ұсыну құқығын бергені үшін алғыс білдіреді.

Бұдан бөлек бүгін Жақсылық Үшкемпіровтың қатысуымен түсіріліп, бейнеқорда сақталған «Келбет», «Дара жол», «Сен де бір кірпіш дүниеге…» хабарлары ұсынылады. 20:25-те «Abai tv» арнасынан «Сен де бір кірпіш дүниеге…» бағдарламасы, 20:05-те «Qazsport» арнасынан «Келбет» хабары көрсетіледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button