Жаңалық Редакция таңдауы

20 миллионыншы тұрғынның құрметіне Астанада флешмоб өтті

Елімізде Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткені аталып өтуде. Астана жастары да сырт қалмай, 20 саны түрінде сап түзеп, көк туды желбіретті, деп хабарлайды Ruh.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жалпы, іс-шараға 200 волонтер қатысты.

Еске сала кетейік, Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанған 5 сәби Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың үшеуі – ұл, екеуі қыз балалар. Барлығы да 14 қараша күні, таңғы сағат 8.10-да туған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button