Жаңалық

ОҚО-да ҚХА мүшелері тарихи орындарды аралады

ОҚО-да ҚХА мүшелері тарихи орындарды аралады

Оңтүстік Қазақстан облыстық ҚХА-ның ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында түрлі ұлт өкілдері қасиетті жерлермен танысып қайтты, деп хабарлайды Baq.kz-тің өңірдегі тілшісі.

Елбасы мақаласындағы «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған экспедицияға 40-қа жуық ассамблея мүшелері қатысты. Олар алдымен үш бидің басы қосылған Ордабасы ауданындағы төбеде болды. Мұнда экспедиция мүшесі әрі тарихты таныстырушы Кеңесбек Исмаилов қатысушыларға қазақ тарихында бірліктің бастауы болған төбенің тарихымен таныстырды. Мұнан соң «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығын аралады. Қорықтың тарихи мұраларды қорғау бөлімінің басшысы Жұмабек Ташпаев экспедиция мүшелеріне ондағы құндылықтар туралы ақпарат беріп, тарихқа үңілді. Ал экспедиция бастаушысы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Мұратәлі Қалмұратов тарихи-мәдени мекеме ұжымына құндылық ретінде келі-келсап пен ел тарихынан сыр шертетін кітап сыйға тартты.

https://baq.kz/storage/63/633a65338694567fbccdda816f188fae.JPG” style=”height: 599px; width: 900px;” />

«Біздің мақсатымыз – ассамблея мүшелерін өңіріміздегі қасиетті, киелі орындарымен таныстыру, рухани, мәдени құндылықтарды насихаттау болып табылады. Тарихымызды, әдет-ғұрпымызды құрмететуге шақыру арқылы бірлікті нығайтуды мақсат етіп отырмыз. Мұндай шара алдағы уақытта да жалғасын табады деп сеніммен айта аламын. Себебі этнос өкілдерінің қызығушылығы басым. Сондай-ақ, облыста киелі орындар саны өте көп. Мынау көршілес жатқан Бәйдібек пен Созақ ауданында тарихы тереңде жатқан талай мекендер бар», – деді Мұратәлі Қалмұратов.

https://baq.kz/storage/04/04007ae605156d90ec89ae3a324a14f7.JPG” style=”height: 599px; width: 900px;” />

Экспедиция мүшелерінің келесі бағыты ІХ – ХVII ғасыр аралығында Қазақстан аумағындағы ең ірі қалалардың бірі атанған Отырар ауданындағы «Отырар» қалашығы болды. Қатысушылар көне қалашықты аралаған соң Арыстан баб кесенесіне жол тартты. Киелі орында бабалар рухына құран оқып шыққан этнос өкілдері рухани астана Түркістан қаласында жол тартты. Қ.А.Ясауи кесенесінде де зиярат еткен қатысушылар мұнан соң кесене аумағында орналасқан «Қылует» жерасты мешіт медресесі музейі мен XV-XVI ғасырлардағы көне шығыс моншасы нысанымен танысты. Мұндай көне орындар экспедиция мүшелерінің ерекше таңданысын тудырды деуге болады. Этнос өкілдері арасында өңірдегі киелі орындарға алғаш рет табан тірегендері де бар.

«Арыстан баб кесенесі мен «Отырар» қалашығына алғаш рет келіп тұрмын. Ал Қ.Ясауи кесенесінде бұған дейін болғаныммен, медресе мен шығыс моншасын аралап көрмеген едім. Тарихы қызыққа толы екен. Шыны керек, еліміздің тарихын бұрындары мектепте оқыған кезімізде ғана жетік білетінбіз. Қазір сол алған білімімізді қайта еске түсіріп жатырмыз», – деді облыстық түрік мәдени орталығы жанындағы Жастар қанатының мүшесі Феруза Карипова.

Экспедиция мүшелерінің бағыты Түркістан қаласының солтүстік-батыс аумағында 40 шақырымдық жерде орналасқан Сауран қалашығына жалғасты. ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргесі қаланған қалашықта сол кездің өзінде кәріз жүйесі болған. Көне Сауранды аралаған ассамблея мүшелері бұл экспедициясының берері мол деп есептейді.

https://baq.kz/storage/82/82117e2dc793e5315ff77ff842eb26d1.JPG” style=”height: 599px; width: 900px;” />

Расымен де, өз еліңнің тарихын білмей, жаңғыру мүмкін емес. Бүгінгі экспедициямызды классикалық бағытпен өтіп шықтық. «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасы шексіз дер едім. Себебі бір ғана біздің облыста мыңнан астам рухани орындар бар. Бүгінгі экспедиция өз мақсатына жетті деп ойлаймын», – деді экспедиция мүшелеріне тарихты таныстырушы Кеңесбек Исмаилов.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында тарихи-мәдени маңызы бар 1281 нысан есепке алынған. Оның 23-і Қазақстанның қасиетті орындары тізіміне енген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button