Жаңалық

Назарбаев: Қазақ тіліндегі бірнеше дыбысты таңбалау керек

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикада қазақ тілінің латын графикасындағы әліпбиіне көшу біртіндеп жүзеге асырылуы тиіс екенін мәлімдеді. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Ақордада журналистермен кездескен президент таза қазақ тіліндегі сегіз дыбысты латын графикасында қалай таңбалау керегін ойластыру қажетін айтты.

Астанада 11 қыркүйекте парламентте қазақ тіліне арналған жаңа латын әліпбиінің нұсқасы таныстырылған. Жаңа әліпби жобасында 25 таңба бар. Әліпби нұсқасын таныстырған республикалық тілдерді дамыту орталығының директоры Ербол Тілешовтің айтуынша, әліпбиді құрастыруда қазақ тілінің үндестік заңдылығы ескеріліп, оның нәтижесінде 25 таңба шыққан.

Бірақ әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі жаңа әліпби жобасын сынап, осы салаға қатысты кейбір ғалымдар оны “ұсынылған жобалар ішіндегі ең тиімсіз, сорақысы” деп атаған.

“Латынға өту барлығын алаңдатып отыр. Ол туралы көп айтылды, ғалымдар ұзақ жұмыс істеді, бүкіл тарихты, басқа елдердің тәжірибесін қарады. Мен ілмек болмасын деп айттым. Таза қазақша дыбысты білдіретін сегіз әріп бар. Міне, осыларды ойластыру керек, мәселе осы жерде” деді Назарбаев.

Президент тіл мамандары, тарихшылар келісімге келіп, мақұлдаған кезде жаңа әліпбиді қабылдайтынын жариялайтынын, өз болжамы бойынша 2022 жылға қарай бірінші сыныптан бастап оқу латын әліпбиінде жүргізіле бастамақ екенін айтты. Назарбаев бұл тұста кириллица да қатар қолданыста болатынын, орыс тілінде сөйлейтін азамтатар алаңдамауы керегін жеткізді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button