Жаңалық

Рерих пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасында ортақтық көп

Ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, депутат Бірғаным Әйтімова, Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен Консулдығының  әлеуметпен байланыс жөніндегі бөлімінің басшысы Энтони Пахигиян және көрме кураторлары – Орыс-Американдық қордың президенті, американдық «Son Mar Group» компаниясының негізін қалаушы, Мемлекеттік Бруклин мұражайының экс-кураторы Марина Ковалева және американдық «Son Mar Group» компаниясы мен TondoArt арт-платформасының негізін қалаушы Соня Беккерман қатысты.

– Бүгінгі оқиға өнер шегінің жоқтығын көрсетеді. Және ең бастысы, Қазақстан әлемнің ұлы жауһарларын ұсынуға мүмкіндік береді. Біз үшін ол өте қуанарлық жайт, себебі, Қазақстан барша үшін ашық болды және ашық болмақ, оған қоса мәдени алмасуда да солай, – іс-шараның маңыздылығын атай отырып, ведомство басшысы А.Мұхамедиұлы Рерих экспозициясы мен орыс кескіндемешілерінің жауһарларын Қазақстанда ұсынуға мүмкіндік берген осы ауқымды жобаның американдық серіктестеріне алғыс айтты.

Американдық елшіліктің өкілі, қазір  Астанаға бүкіл әлемнің назары аударылғанын және іс-шараның маңыздылығын ерекше атап көрсетті.

– Бұл әлемдік ауқымдағы оқиға, себебі, елдер арасында  кескіндеме мен өнер тіліндегі диалог, Америка құрама штаттары мен Қазақстан арасындағы диалог алғаш рет өтіп отыр, – деп, Марина Ковалева оқиғаны әсерлі сипаттап берді. – Бұл суреттердің Қазақстанға саяхаты кездейсоқ емес. Николай Рерих – Ресейде туған суретші, Шамбаланы іздеп бүкіл Орта Азияға саяхат жасаған суретші, өз өмірінің жартысын Америкада өткізген суретші, Үндістанда тұрып оның мәдениетін зерттеген суретші, ол осылайша әлемді біріктіргендей болды.Расымен, бұл көрменің бүгінгі келуі кездейсоқ емес. Ол кездейсоқ емес, себебі, тек ұлы суретші ғана емес, Рерих пен бейбітшілік үшін күрескер Нұрсұлтан Назарбаев арасында ортақ нәрсе көп. Себебі, Назарбаев бүкіл әлем үшін достық пен амандық, бейбітшілік пен  татуластық үшін дара күрескер. Біздің бастамаларымызды қолдап, осы идеяны іске асыру үшін барлығын істеген Арыстанбек Мұхамедиұлына көрмені ұйымдастырғаны үшін үлкен алғыс айтамын!

Позитивті ой Соня Беккерманның құттықтау сөзінен де көрінді:

–  Америка шекарасынан бірінші рет шығарылған орыс өнерінің жауһарлары көрмесін ұсына отырып, сіздерді құттықтауға өте қуаныштымын. Біздің миссиямыз – елдеріміз арасындағы мәдени диалогты нығайту. Өнердің шегі жоқ екенін дәлелдеу! Рерих суреттері мен орыс кескіндемесінің шекарадан шығарылуы Америкада да резонанс тудырды! Тіпті, бұл туралы АҚШ-тың ірі газеттерінің бірі NewYork Post жазды! Сіздердің елдеріңізге – Қазақстанға қызығушылық зор! Сондықтан, көрмені дайындауда біз барлық дәуірлер мен жанрларды қамтып, әрбір суретшінің стилін көрсетуге тырыстық! – деп қорытындылады ол.

Сондай-ақ, Көрме кураторлары, ҚР МСМ Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына ауқымды жұмыс пен осы бірегей көрменің әлемге бірінші саяхаттауын табысты ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

Көрменің ашылуы жұртшылық назарын өзіне аударды. Оның бірінші келушілері қатарында дипломатиялық қызметтердің, мәдени орталықтардың, ЖОО мен өнер саласының өкілдері болды. Экспозиция Ұлттық мұражайдың шетелдік қонақтары арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button