Жаңалық

«Анаға апарар жол» фильмі Хорватияда өткен кинофестивальден жүлдемен оралды

«Анаға апарар жол» фильмі Хорватияда өткен кинофестивальден жүлдемен оралды

«Анаға апарар жол» фильмі тамыздың 23 мен 27 аралығында Хорватияда өткен Халықаралық «Марко Поло» кинофестивалінде «Үздік көркем фильм» жүлдесін алды. Сонымен қатар, аталған кинотуынды «Ең үздік сценарий» және «Көрермендер көзайымы» жүлделерімен марапатталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және «Новый мир» ЖШС-мен бірлесе түсірілген «Анаға апарар жол» фильмі өмірдің ауыртпалығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген басты кейіпкердің тағдырын баяндайды. Картинаның режиссері Ақан Сатаев.

https://baq.kz/storage/31/31037716b947c5a451ee80c7da56dcfb.jpg” style=”float: left; height: 350px; width: 300px; margin-left: 10px; margin-right: 10px;” />Халықаралық «Марко Поло» кинофестивалі жыл сайын Хорватия Президенті патронатымен, әлемге әйгілі саяхатшы Марко Поло дүниеге келген Корчула қаласында өткізіледі. Естеріңізге сала кетсек, XIII ғасырда Марко Поло Жібек жолы арқылы Шығыс Түркістанға дейін барған. Фестивальдің «Жібек жолы – диалогқа апарар жол» ұраны Азия мен Еуропа елдері арасындағы мәдени-тарихи байланыстардың маңыздылығын көрсетеді.

Биыл фестивальге Әзірбайжан, Болгария, Үндістан, Индонезия, Иран, Қазақстан, Корея, Түркия, Хорватия және басқа да елдерден келген фильмдер қатысты. Қазақстандық делегация құрамында «Анаға апарар жол» фильмінде басты рөлдерді сомдаған актерлер Әділ Ахметов, Алтынай Нөгербек, картинаның продюсері Жарасхан Күлпиенов, сондай-ақ, Хорватиядағы ҚР елшілігінің қызметкерлері болды.

– Біздің фильмді хорваттар жылы қабылдады, көрсетілім барысында көзіне жас алғандар да болды. Фильм соңында алғысын айтып, жылы лебіздерін де жеткізді. Картинаның түсіру тобын кезекті жеңістерімен құттықтаймын, – деді актриса Алтынай Нөгербек.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button