Жаңалық

Дархан Мыңбай: Тамырымыз – рухани ұлттың келбеті

Дархан Мыңбай: Тамырымыз – рухани ұлттың келбеті

Тамырымыз – рухани ұлттың келбеті, деді «Стратегия» пікірталас клубында ««Рухани Жаңғыру» бағдарламасының саяси идеологиялық маңызы» тақырыбында өткен отырыста ҚХА төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі https://strategy2050.kz/news/47642/“>strategy2050.kz-ке сілтеме жасап.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында кез келген нәрсені әркім өзінен бастауы керек деген жері бар. Әрбір адам өзінің ісіне тиянақты болуы керек. Біз өз жұмысымызды өзге өркениеттермен, елдермен салыстырмалы түрде қарағанымыз арқылы еңбектің сапасы жақсара түседі», – деді Д. Мыңбай.

Сондай-ақ, ҚХА төрағасының орынбасары дәстүрдің қасиетіне тоқталды.

«Дәстүрге келетін болсақ, біздің халқымыз дәстүрге көп көңіл бөлген.Қалыптасқан дәстүрден ажырап қалғаннан кейін, өзіміз жұтылып кететіндей, бар қасиеттен айырылып қалмас үшін тамырымызды зерттеп жатырмыз. Тамырымыз – рухани ұлттың келбеті. Жоғарыдан тапсырма береді деп күтудің қажеті жоқ, саннан бұрын сапаға көңіл бөлген дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, атқарып жатқан жобалардың атын өзгерте салып, науқаншылыққа салып жатқандар да кездеседі, олай болмайды. Бұның барлығы бақылауда, ұлттық комиссия, қоғам қарап отыр. Зиялы қауымның көзі ашық қазір. Кімнің осы іспен айналысып отырғанын көріп отыр. Егер адам ізгі іс бастаса, ол өзі үшін ғана емес, ұлты үшін де пайдалы болуы керек», – Д.Мыңбай.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button