Жаңалық

"Киелі Астана картасы". Сәкен Сейфуллин мұражайы

Қазақ даласының әр тасы, әр тал шөбі киелі. Бүгін киелі екенін танымасақ, келер ұрпақ оны қазыналы қойнауға айналдыруы мүмкін. Себебі қазақтың байлығы – асты-үсті де алтынға бергісіз қара жері. Мысалы Берел, Ботай, Есік қатарлы қорғандар өз байлығын жаһанға жариялағанша елеусіз ғана төбешіктер болғаны белгілі. Ал қазір Қазақстанның ең құнды қазынасы сол елеусіз төбелерден табылып отыр. Демек, бүгін біз үшін құны төмен, бағасы арзан жердің, ердең ең қадірлі орын болмасына ешкім де кепіл бола алмайды.

Міне, Қазақстанның киелі картасын жасауда біздің көкейімізде әркез осы ой тұруы керек. Бұл бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден бір кілті. Демек, қазақ даласында киесіз жер деген болмақ емес. Алайда, бұған дейін қазақтың қастерлі орыны саналып келген қорымдар, ескерткіштер, мұражайлар, сәулет нысандары, мазарлар елдігімізді, тұлғаларымызды, тарихи оқиғаларды танып-білу үшін бір жүйеге келтіріліп, қатталып-шотталып, мемлекеттің қорғауына алынар болса, бұл нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Және сол арқылы біз әр өңірдің туристік картасын да жасауға қол жеткіземіз.

Қазақстанның қасиетті картасын жасау еліміздің барлық өңірлерінде жүріп жатыр. Осыған байланысты Астана қаласы да өз киелі орындарын анықтаған болатын. Елорданың еңсесін көтерер елдік мақсаттағы киелі мекендердің саны 20-ға жуық. Солардың бірі, әрі Ақорда тарихында айтарлықтай орны бар, бой көтергеніне екі ғасырға жуық уақыт болған С.Сейфуллин мұражайы ағаш сәулет өнері ескерткіші саналатын XIX ғ. бірінші жартысы мен XІX ғ. аяғында салынған ғимарат. Мұражай 2 ғимараттан тұрады. Таза сүргіленген бөрене ағаштардан құрылған. Қалада мұндай ғимараттар көп сақталмаған.

https://baq.kz/storage/09/093fae8319d06be2ad7be1a0ab7b651a.jpg” style=”height: 600px; width: 900px;” />

Мұражайдың өзі бұрын көпес Казанцевтің әкімшілік үйі болған. Кеңес үкіметі тұсында түрлі кеңселер орналасқан. 1920 жылы осы ғимаратта редакция болған, сол кезде С.Сейфуллин осында қызмет етті.

https://baq.kz/storage/a0/a0689c0c6fc24a3d566ec8987cb1f5ff.jpg” style=”height: 600px; width: 900px;” />

Екінші ғимарат – мұражайдың әкімшілік үйі. Бұрын С.Сейфуллиннің досы, дәрігер Благовещенскийдің үйі, кейін бухгалтерлік мектеп болған.

https://baq.kz/storage/88/8801aecef991cfd514ac224e8dfbe028.jpg” style=”height: 508px; width: 900px;” />

Мұражай – Қазақ ССР министрлер кеңесінің жарлығы бойынша 1988 жылы 21 ақпанда ашылды.

https://baq.kz/storage/65/658942de9f5075a416b66da58f9e78b4.jpg” style=”height: 600px; width: 900px;” />

1995 жылы 17 тамызда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мұражайға келіп, өзі аралап көрген болатын. Сол сапарында С.Сейфуллиннің «Көкшетау» атты кітабына қалдырған қолтаңбасында: «Асыл бабамыз Сәкен Сейфуллиннің әруағы тәуелсіз елімізді желеп-жебеп жүрсін» – деп жазға еді.

Мұражай 7 залдан тұрады.

https://baq.kz/storage/c1/c15db08dc8781553b5222641410087bf.jpg” style=”height: 600px; width: 900px;” />

Мәжіліс залы. Бұл залда жыл сайын ақынның туған күні мен еске алу күні аталып өтеді. С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жайында конференциялар, мәжілістер мен лекциялар, Сәкен оқулары, Сәкен сабақтары «Сыр сандық» әдеби клубы аясында жүргізіледі.

https://baq.kz/storage/b5/b5995932f4b9a22479b9160df7905551.jpg” style=”height: 600px; width: 900px;” />

Сәкеннің жатын бөлмесі. Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 жылдың қазан айының 15-де Ақмола уезіне қарасты Нілді болысында (қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қарашілік қыстағында) орта шаруа отбасында дүниеге келген. Ата-анасының азан шақырып қойған есімі «Сәдуақас», анасы еркелетіп «Сәкенім» деп атап кеткен.

https://baq.kz/storage/41/4195011fb01ff1ce04e519f99af89738.jpg” style=”height: 600px; width: 900px;” />Сәкеннің қоғамдық қызметіне арналған зал. 1917 жылдың желтоқсан айында Ақмолада Совет үкіметі орнап, 1918 жылы ақпан-наурыз айларында бірінші уездік съезде депутаттар кеңесі (Совдеп) құрылып, төрағасы Захар Катченко, орынбасары Бәкен Серікбаев, Нестер Монин, ал Сәкен Сейфуллин уездің оқу-ағарту комиссары болып тағайындалады.

https://baq.kz/storage/28/283089e3362f943427d32614a5a5016d.jpg” style=”height: 600px; width: 900px;” />

Сәкеннің педагогикалық қызметіне арналған зал. С.Сейфуллин өзінің аз ғұмырында педагогикалық қызметпен де айналысып, біраз жетістіктерге жеткен. Ірі педагог, тамаша ұстаз. Ақмолада 1912 жылы Ғабдулла Халфе Сұлтанұлы медресесінде қазақ және татар балаларына орыс тілінен сабақ беруден бастайды.

https://baq.kz/storage/c9/c9cb61bf1e11d1947070b3b158c380f7.jpg” style=”height: 600px; width: 900px;” />

«Ер есімі –ел есінде» залы. 1937 жылдың 24 қыркүйегінде С.Сейфулин Сталиндік қуғын-сүргінге байланысты жалған жаламен ұлтшыл, халық жауы ретінде тұтқындалды. С.Сейфуллин тұтқындау ордері, анкетасы, қаулы, тінту протоколы, айыптау қорытындысы. Құжат бойынша 10 жылға деп тұтқындайды, бірақ бес айдан кейін ісі қайта қаралып, 1938 жылдың 25 ақпанында Алматы қаласында 16 сағ 40 мин ату жазасының іске асқандығы жөнінде қаулы шығады. Ол 43 жасында нақақ жазадан қаза табады.

https://baq.kz/storage/93/936e0d274914457d6df84be87924277a.jpg” style=”height: 600px; width: 900px;” />

С.Сейфуллиннің жұмыс кабинеті. С.Сейфуллин жастайынан Абай Құнанбаев пен А.С. Пушкиннің туындыларынан сусындап, ақындыққа деген қызығушылығы артып, өлең жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері, мақалалары «Айқап» журналында 1914 жылы маусымда жарық көрді. Кейінгі жылдары өзінің шығармашылығы жайында «Менің шығармашылығымның бастауы» деген мақалада айтылады. Бұл мақала 1959 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде қазақ тілінде жарияланды. 1931 жылы А.Пушкиннің қайтыс болғанына 100 жыл толуына арналған жиында Сәкен Сейфуллин сөз сөйлейді. А.С.Пушкиннің 3 томдық кітабын өзінің редакциялауымен жарыққа шығаруына байланысты осы салтанатты жиында оған орыс ақындары құрмет көрсетіп, төсбелгі (медальон) мен марапатталады.

Бұл жердегі біздің мақсат, С.Сейфуллиннің қызметі, қайраткерлігі, шығармашылығы емес. Оның есімі берілген ғимаратты сипаттағымыз келгендігін айта кеткен лазым. Мұражайдың, немесе “Астананың киелі орындары” тізіміне енген аталмыш қос сәулет-құрылыс нысандарының біз айтқаннан бөлек те қырлары барын ескерткіміз келеді. Ал олар жайлы біз нақты мәлметтер беруге құзыретіміз жетпейді. Себебі онда мұражайдың экспонаттық қоры, әкімшілік құжаттары және басқа да түрлі бұйымдардың сақталғанын баршаларыңыз жақсы білесіздер. Бір сөзбен айтқанда бұл мұражай тарапынан қызметтік құпия болып саналады.

Ал алдағы уақытта біз сіздерге елордамыздың өзге де киелі орындарын таныстыратын боламыз.

Фотосуреттер автордың жеке қорынан алынды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button