Жаңалық

Маңғыстау облысындағы жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізу көзделді

Маңғыстау облысындағы жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізу көзделді

Маңғыстаудағы жерасты мешіттері топтамасын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралары тізіміне енгізу жоспарланып отыр.

Батыс Қазақстандағы ең көне сәулет ескерткіштері – Шақпақ ата жерасты мешіті, Шопан ата, Қараман ата мешіттері мен Қазақстанның 7 кереметіне енген Бекет ата жерасты мешіті.

Мамандардың айтуынша, тастан ойып салынған бұл жерасты мешіттерінің әлемде баламасы жоқ. X-XVIII ғасырларда салынған діни сәулетті ескерткіштердің қабырғасы сөгілместен, осы күнге дейін жақсы сақталған. Қазір осы нысандардың инфрақұрылымын дамытып, жол салу жұмыстары жүргізілуде.

Пәния Сармурзина, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары:

– Ескерткіштердің, әсіресе құрылысы жағынан ерекшелігі дүние жүзі мамандарын таңдандырып отыр. Ал осы ескерткіштерді жерасты мешіттерін сериялық негізде бүкіләлемдік ЮНЕСКО-ның мұрасына енгізу бойынша қазіргі таңда жұмыстар басталып кетті. Бұл мешіттерді ЮНЕСКО-ға енгізудің арнайы ережесі бар.

Басқа материалдар

Back to top button