Жаңалық

Алаша ханның аяқталмаған аңызы

Сайын даланың төсінде сан ғасырдың сырын бүккен саңлаулы күмбездің бір ерекшелігі мешіт мұнарасына шығатын айналма баспалдақ секілді тепкішектер арқылы кесененің ең жоғарғы күмбезіне дейін көтерілуге болады. Және қабырғаларындағы саңылаулар арқылы күн мен ай белгілі дәрежеде көтерілген кезде кесене іші толықтай жарықтанып тұрады. Сонымен бірге әр мезгілде күн мен түн теңескен уақытта да бұл күмбездің ішіне нұр құйылар саңылаулар бар.

Алаша ханның аяқталмаған аңызыhttps://baq.kz/storage/dc/dca8a63d61db548474e678cc7e8d4149_resize_w_520_h_.jpg” />

Бұл даланың төсінде бүгін көшпенділер ғана тап басып танитын соны сүрлеу жоқ, бірақ таспадай тілінген қаражол шұбырып жатыр. Бұл даланың төсінде бүгін жылқының тері сіңген көшпендінің иісі аңқымайды, бірақ алқапты алған әлдебір жағымсыз иіс мүңкиді. Бұл далада бүгін желмен жарысқан ақбөкендер жөңкілмейді, бірақ әлдеқайда асыққан адамдар зымырап бара жатыр.

Аңыз бен ақиқат.

Есте жоқ ескі заманда, тіпті ескіден де ескі заман болуы мүмкін дәуірде Түркістанның Қызыл Арслан ханының шаңырағында шыр етіп дүниеге келген сәбидің денесі ала-ала болыпты. Тура мағынасында іштен шыққан «шұбар жыланнан» құтылудың бір жолы, ат тұяғы жетпейтін, аңызғағы кетпейтін Арқаға «жер аударып» жіберуді ұйғарады. Арсланның Арқаға келген «Алаша» ұлы айналасын аузына қаратқан, аттыны тоқтатып, жаяуды жатқызып тыңдатар шешен болады. Аз жылда айналасына аламан ұстап, Арқа төсін емін-еркін иеленеді.

https://baq.kz/storage/d7/d76099952d439127390a9a27bcb08f68.jpg” style=”height: 506px; width: 900px;” />

Бұл – біз білетін аңыз. Ал кесененің өзі де құшағында кім жатқанын білетін, сол білгенінің арқасында өзін асқақ, өзін керім ұстауға тырысатын секілді. Тіпті кесенеде жатқан жанның тегін адам емес екенін күмбез құрылысынан да байқауға болады.

Ал аңыздың бір парасы Алаша хан деген Шыңғыс хан екен дегенге де тіреледі.

https://baq.kz/storage/cc/ccf6bdbd21755dab566db22232341e2f.jpg” style=”height: 506px; width: 900px;” />

«Осы жерде Шыңғыс хан жерленді деген алыпқашпа әңгіме бар. Бұл – кейінгі кезде шыққан болжам. Егерде осы жерде Шыңғыс хан жатыр дейтін болсақ, біз ұлы тарихтардан мақұрым қаламыз. Тарихты түбегейлі білмейтін халық екенімізді көрсетеміз. Шыңғыс ханның 1227 жылы таңғұт-қытайларға кетіп бара жатып қаза болғаны белгілі. Сол жақта қайтыс болған адамды осы жерге әкеп жерлей ме? Оның өз туған жерінде жерленгені анық», – дейді бізге жол сілтеп жүрген тарихшы, Жезқазған қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы тарихи өндірістік мұражайдың директоры Кенжалы Балкенов.

https://baq.kz/storage/3d/3d8d7d86e942fbf2f03be2c08848c9a6.jpg” style=”height: 507px; width: 900px;” />

Кенжалы қария бізге кірпішке басылған қасқырдың ізін көрсетті. Көкбөрілердің киесіне сенген бұл даланың төсінде бөріше жортқан бабаларымыз осы бір азулы аңның өмірі де өз тағдырымен өзектес екенін білген секілді. «Бұл хандар мен сұлтандардың, ел ісіне араласқан, билік ұстаған атқамінерлердің моласын салатын кірпіштерге басылар таңба» дегенді де қосып қойды тарихшы. Ата-бабамыздың ұстанымына кәміл сенсек те, ішімізде бір күдік тұрды. Бәлкім бұл кірпіш соғып жатқанда, кеппеген кірпішті ит мыжып кеткен шығар деген күмән еді. Бұл жайлы «Ұлт ұясының шырақшылары» бөлімінде арнайы тоқталамыз.

https://baq.kz/storage/b7/b7e0b38ee2a3202168555512384fbebc.jpg” style=”height: 506px; width: 900px;” />

Сайын даланың төсінде сан ғасырдың сырын бүккен саңлаулы күмбездің бір ерекшелігі мешіт мұнарасына шығатын айналма баспалдақ секілді тепкішектер арқылы кесененің ең жоғарғы күмбезіне дейін көтерілуге болады. Және қабырғаларындағы саңылаулар арқылы күн мен ай белгілі дәрежеде көтерілген кезде кесене іші толықтай жарықтанып тұрады. Сонымен бірге әр мезгілде күн мен түн теңескен уақытта да бұл күмбездің ішіне нұр құйылар саңылаулар бар.

https://baq.kz/storage/df/dfe9359d86a2d19c7353df98506b30c3.jpg” style=”height: 506px; width: 900px;” />

Осыдан-ақ, бағзы бабаларымыздың қазіргі заманғы архитекторлардан артық болмаса, кем түспес сәулет өнерінің шыңына шыққандығын еріксіз мойындайсыз. Бір қарағанда соғыс мұнараларына ұқсас тесіктері бар, күмбездің не мақсатпен салынғанын тап басып айтып берер адам жоқ. Қазірге бізге белгілісі – Алаша ханның мазары міндетін атқарып тұрғандығы. Бұл мазар бұған дейін біз көрген https://baq.kz/kk/news/ruhani_zhangiru/bani_men_baki_arasi_nemese_zhoshi_hannin_zhumbagi20170918_140800” rel=”nofollow”>Жошы хан мен https://baq.kz/kk/news/ruhani_zhangiru/bes_gasirdi_arkalagan_5_shakirim_zhol20170918_171600” rel=”nofollow”>Домбауыл кесенелерінен не бары 25 шақырым жерде, Малшыбай ауылының қасында тұр.

https://baq.kz/storage/2a/2a08f89672e5bf0e8df0e35991447afb.jpg” style=”height: 800px; width: 600px;” />

Маң далада маңқиған мазардың мың жылдық мұңын тыңдап, миллион жылдық маңызын ұғар жан табылса, Мәңгілік елдің мәңгілік мұраларының бірі болары сөзсіз.

https://baq.kz/storage/9b/9b3f388c4ed460a24fdd3026c734ce33.jpg” style=”height: 506px; width: 900px;” />

Алаша ханның аяқталмай қалған аңызын толықтыру бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Бәлкім ол шынымен де Шыңғыс хан шығар. Мүмкін ол Шохан Уәлиханов жазғандай Арслан ханның Арқаны билеуге жіберген, Майқы биден тәлім алған жалғыз ұлы шығар. Тіпті ол Шыңғыс ханға соғыссыз беріліп, өз халқының амандығын ойлаған Ахмет-Алаша хан шығар. Аңыздың ақырына жету сіздің еншіңізде. Өз Алаша ханыңызды таңдау еркі де сізде. Ал біз, жолай Сәтбаев қаласына соғып, әйгілі ғалымның ескерткішіне гүл қойып, одан ары Ұлытау, Хан ордасына жол тартамыз.

Бізбен бірге ұлт ұясы Ұлытауға, қасиетті Хан ордасына бас сұғамын десеңіз, кеттік, ендеше. 11 мемлекеттен келген ғалымдардың, журналистердің, саяси қайраткерлердің басын қосқан «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы»https://baq.kz/kk/news/ruhani_zhangiru/kerulennen_akkan_bir_tamshi_kengirge_kelip_kuigandai20170918_101200” rel=”nofollow”> ІІІ халықаралық экспедициясы Алаша хан кесенесінен Ұлытауға бет алды.

Бұл даланың төсінде бүгін көшпенділер ғана тап басып танитын соны сүрлеу жоқ, бірақ таспадай тілінген қаражол шұбырып жатыр. Бұл даланың төсінде бүгін жылқының тері сінген көшпендінің иісі аңқымайды, бірақ алқапты алған әлдебір жағымсыз иіс мүңкиді. Бұл далада бүгін желмен жарысқан ақбөкендер жөңкілмейді, бірақ әлдеқайда асыққан адамдар зымырап бара жатыр.

https://baq.kz“>https://baq.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button