Жаңалық

«Мәңгілік елдің мәңгілік сарыны» этно-фестивалі басталады

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында 2017 жылдың 5-7 қазан күндері І Халықаралық «Мәңгілік елдің мәңгілік сарыны» атты дәстүрлі музыка фестивалі өтіп жатыр.

Фестивальдің мақсаты – әлемдегі өз бет-бейнесін әбден айқындаған елдердегідей, ұлттық музыкалық мұрамызды жаңғырта отырып, ұлттық үлгідегі қазіргі заман музыкасын өрістетуге, сол арқылы, мемлекеттік музыка тілін қалыптастырып, дәстүрлі музыкалық мұрасын баянды ету жолындағы көпшілік қауымға насихаттап, дәстүрлі өнерге бет бұрған өнер иелерінің әлемдік өркениетке қосқан үлесін кеңінен  насихаттау, ұлттық, фольклорлық өнердің дамуына ықпал жасау, фольклорлық ансамбльдердің репертуарларын дамыту, өзара шығармашылық байланыс орнатуына ықпал жасау, оларға жан-жақты қолдау көрсету.

Халықаралық «Мәңгілік елдің мәңгілік сарыны» дәстүрлі музыка фестиваліне шет мемлекеттерден белгілі өнер майталмандары, Түркиядан –  Ирфан Гюрдал, Татарстаннан – Расим Фасихов, Өзбекстаннан – Равшанжан Юнусов, Якутиядан – Юлияна Кривошапкина, Тывадан – Игорь Кошкендей қатысады.

Сонымен қатар, Қырғызстан «Акак» комузшылар ансамблі, Өзбекстаннан «Абосс» ансамблі, «Адырна» ФЭА,  «Сазген» ФЭА, «Қобыз сарыны» квартеті – Талдықорған қаласынан.

Сондай-ақ, жеке дара әншілер мен музыканттар: Алмас Алматов, Күнсұлу Түрікпен, Ерлан Рысқали, Мұхаммедәлі Бекпейісов, Сәуле Жанпейісова, Ардақ Исатаева, Нұржан Жанпейісов, Қазбек Адыкеев, Мақпал Тоқтағанова, Бейбіт Мұсаев, Бақберген Асқарбеков.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button