Жаңалық

Исатай ауданының орталығында жаңа аллея ашылды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Атырау облысына қарасты Исатай ауданының орталығында жаңа аллея ашылды. «Сазанқұрақ» атты аллеяда ауданның өткен тарихы мен бүгінін баяндайтын фотошежіре экспозициясы орналасқан.

Жаңа аллеяның ашылу салтанатына Исатай ауданының әкімі және осы нысанды салуға атсалысқан «Сазанқұрақ» ЖШС басшылары, еңбек ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Атырау облыстық аймақтық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Елбасы мақаласындағы басты бағыттардың бірі «Туған жер» арнайы жобасы аясында ауданда биыл тағы да екі жоба жүзеге асады. Соның бірі – Айбас құмында атақты күйші Д. Нұрпейісованың келін болып босаға аттаған және саналы ғұмырын өткерген «Шәпек» обасына белгі орнату. Бұл жұмыстар жергілікті кәсіпкерлер мен кәсіпорындар, осы ауданнан шыққан азаматтардың демеушілігімен қолға алынады деп жоспарлануда.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button