Жаңалық

ОҚО-да «Туған жер-алтын бесігім» облыстық фестивалі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында Созақ ауданының «Туған жер-алтын бесігім» облыстық фестивалі өтті. Облыс əкімдігі мен мəдениет басқармасы, мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен шара өңірдің дарынды жастары мен елге танымал жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концертке ұласты , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысында Созақ ауданының «Туған жер-алтын бесігім» облыстық фестивалі өтті. Облыс əкімдігі мен мəдениет басқармасы, мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен шара өңірдің дарынды жастары мен елге танымал жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концертке ұласты , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мен Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған фестивальға өңірдің талантты жастары қатысты.

«Туған жер – алтын бесігім» атты мәдениет күні аясында өткен іс-шаралар бағдарламасы аудан басшысы Салыхан Полатовтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясынан бастау алып, «Созақ – жыр, Созақ – сөз, Созақ – өнер» концертімен жалғасын тапты. Созақ халық және облыстық əзіл-сықақ жəне сатира театрларының әртістері бірлесіп қойған Нұрғали Ораздың «Адасқан жұлдыз» қойылымы ел ықыласына бөленді.

Ал, «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында қазақ ақыны, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Төреғали Тәшеновпен кездесу өтті. Бұдан бөлек, «Теріскей тартуы» ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек пен аудан кәсіпкерлерінің қолөнер бұйымдары арзан бағада сатылды.

Шара «Шәмші әлемі» гүлзарында 700-ден аса аудандық қолөнер, қылқалам шеберлерінің жəдігерлері және кітап көрмесін тамашалаумен жалғасын тапты. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсететін бейне көрсетілімдер беріліп, ұлттық спорттық ойындарда кеңінен насихатталды. Кешкісін танымал әншілер мен Созақ өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылып, жанды дауыстағы əндер мен мың бұралған бишілер қала жұртшылығын тәнті етті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button