Жаңалық

Латын қарпіндегі әліпбидің жаңа жобасы халықтың меңгеруіне қолайлы – Нұркеева

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынылған латын қарпіндегі әліпби жобасында қазақ тілінің үндестік заңдары ескерілген. Бұл туралы жаңа әліпби жобасына қатысты пікір білдірген «Социум-зерттеу» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алтынай Нұркеева мәлім етті.

«Қазақ тілін латын қарпіндегі әліпбиге көшіру қалың көпшіліктің қызу талқысына салынған игілікті бастамаға айналды. Осы күнге дейін баспасөз беттерінде қарапайым халықтан бастап, лингвист-ғалымдарға дейін өз пікірі мен ұсыныстарын жеткізіп келеді. Көптеген жобалармен таныс болдық», – дейді ол.

Алтынай Нұркееваның пікірінше, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынылған жоба қарапайым халықтың ұғынуы мен меңгеруіне қолайлы.

«Кеше Елбасымызға ұсынылған жоба – қарапайым халықтың ұғынуы мен меңгеруіне қолайлы, қазақ тілінің дыбыстық үндестік заңдарын ескерген нұсқа деп білемін. Сондықтан осы жоба қабылданса деген ұсынысымды білдіремін», – деп атап өтті қоғамдық бірлестік төрайымы.

Басқа материалдар

Back to top button