Жаңалық

ОҚО ұстаздары қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай жобасына қатысты пікірлерін білдіруде

Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру – бүгінгі қоғам талабы. Ақордада латын қарпіне қатысты жалпыхалықтық талқылаудың соңғы түктесін қойған жиынға Оңтүстік ұстаздары қолдау білдіріп отыр. Елбасымен кездесу барысында таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісіне өңірдегі білім саласының қызметкерлерінен бастап танымал қоғам белсенділері оң бағасын беруде, деп хабарлайды http://www.zakon.kz/4882520-o-o-stazdary-aza-t-l-n-latyn-arp-ne-neg.html” target=”_blank”>zakon.kz.

– Елбасының әрбір реформасы ел үшін де, өскелең ұрпақ үшінде маңызды болып келген. Бұл реттегі көтеріп отырған мәселе біз, ұстаздар үшін өте үлкен жауапкершілік деп білемін. Себебі жаңа қаріпті тек педагог мамандар ғана емес, оқушылар да жетік мегеріп алып кетуі қажет. Сондықтан алда жауапаты кезең тосып тұр. Оған біздің өңір толықтай дайын деп айта алар едім, – дейді Шымкент қалалық Білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева.

– Ақордада ұсынылған жаңа әліпбидің жобасын бүгін мектебіміздің қабырғасында ұстаздар қауымына таныстырдым. Әріптестерім жаңадан ұсынылған әліпбидің ыңғайлығы мен алдыңғы үлгімен салыстарғанда жетілдетілгенін айтып өтті. Оның ішінде, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны қуантты. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үш тілде білім беріп келе жатқан біздің мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында бүгінде 200-ден астам оқушы бар. Жаңа латын қаріпі біздің шәкірттер үшін өзге тілді жетік меңгеруге жол ашады деп сенеміз. Республикадағы үздік жүздіктер қатарынан көрінген білім ұясы үшін бұл жауапты кезеңде педагогтар мен оқушылар еш қиындықсыз игеріп кетеріне кәміл сенемін, – деп ойын жеткізді Түлкібас ауданы, «Дарын» мектеп-интернатының директоры Фарида Пірәлиева.

–  Күні кеше Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды. Ұсынылған 32 әріптен тұратын жаңа жоба ұстаздар қауымының көңілінен шығып, қолдаулар тапты. Өйткені күнделікті қолданысқа ыңғайлы, мектеп оқушыларының көзіне үйреншікті етіп жасалынған екен. Сонымен қатар, Елбасының жаңа әліпбиді білім беру жүйесіне енгізу үшін мұғалімдер мен әдістемелік базаны дайындау қажеттігінескергені және Үкіметке оны кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жоспар әзірлеу жөніндегі тапсырмасы уақытында айтылды деп есептейміз. Латын әліпбиіне көшу үшін білікті оқытушы кадрлар мен әдістемелік база қажет. Осы негізде, Біздің білікті ұстаздар жоғарыда аталған жұмысқа дайындығын жеткізіп, қолдау білдіреді, – дейді Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп –гимназиясының директоры Хадиша Қылышбаева.

Ал, Ақорданың төрінде өткен алқалы жиында жаңа қаріптің соңғы үлгісін таныстырмас бұрын елбасы бұл – біздің қастерлі Тәуелсіздігіміздің жемісі екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, осы ретте бірегей жобаны іске асыру аясында Президент әкімшілігіне 300-ден астам үндеу мен ұсыныс келіп түскенін, әлеуметтік желілерде 1000-ға жуық тақырыптық жазба жарияланғанын алға тартты.

Елбасының жолдауының аясында қарқын алған бұл жаңғыруға толықтай көшу 2025 жылға дейін меже қойылған.

Естеріңізге салайық, соңғы латын әліпбиінде 32 қаріп таңбаланған. Жалпы, Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді қадамбар басталмақ. Ең бастысы түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуімізге латын тілі алтын көпір болмақ.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button