Жаңалық

Жастар латын қарпіне көшуді сөзсіз қолдайды – Г. Баймаханова

Жастар қазақ тілін латын қарпіне көшіруді сөзсіз қолдайды деп жазады  Ruh.kz

«Тіл – ұлттың жаны ғана емес, ойлау және байланыс орнатудағы басты қаруы. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар дәуірінде, IT технологиялар белсенді дамып, цифрландыру жаппай енгізіліп жатқан кезде әлем халықтарының тілдері соған қарай бейімделуде. Оған ұстамдылықпен қарау керек», – деді сөз басында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Галина Баймаханова.

Спикердің айтуынша, жастар әлемді өзінің бір ізділігімен және бәсекеге қабілеттілігімен жаулап алған латын қарпіне қазақ тілін көшіруді сөзсіз қолдайды.

«Біздің лингвистер қазақ тілінің бар байлығын, әсемдігін беру үшін латын әліпбиін жасақтауда барынша жауапкершілік танытуы тиіс. Тілді дамыту, оның барлық салаларда қолдануын қамтамасыз етуді көздейді. Сондықтан да ол қолдануда ыңғайлы болуы тиіс және қазақ халқының өз тарихында қалыптасқан әлемдітану философиясын беруі шарт. Осы ретте, сала мамандарының халықпен ақылдасуы өте дұрыс, себебі тілдің бар байлығы халық арасында сақталады», – деп атап өтті Галина Баймаханова.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button