Жаңалық

Сарапшылар: Латын әліпбиі – заман талабы

Латын әліпбиі – өркениетті елдердің таңдауы.

«Ал оны Қазақстанның қолға алуы мемлекетіміздің әлемдік интеграцияға ұмтылысы деп қабылдауымыз қажет», – дейді көкшетаулық тіл мамандары. Филологтардың айтуынша, бүкіл Еуропа жұрты мен түркітілдес халықтар қолданысындағы латын әліпбиіне тезірек көшкеніміз жөн. Себебі бұл – заман талабы. Ал оның пайдасын, ең бастысы, болашақ ұрпақ көреді. Сондай-ақ ғалымдар «жаңа әліпбиді қабылдау барысында кириллицадағы төл дыбыстарымызға қатысты кеткен фонетикалық олқылықтарды енді латын қарпіндегі графикада қайталамауға тиістіміз», – дейді.

Сәбит Жәмбек, филология ғылымдарының кандидаты:

– Соңғы жобада да кейбір мәселелерді айта кетсем. Мысалға, жаңағы «ц» деген әріп бар, біздің ғылыми-техникалық терминдер, басқа да шеттен келетін сөздеріміз бар. Біз ақпараттық қоғамда өмір сүріп отырмыз. Ғылыми-техникалық процесс қарыштап кетіп барады. Сол себепті термин кірмей тұра алмайды. Сондықтан «центнер» дегенде келетін «ц» әріптері керек. Үтірлер көбейіп кеткен сияқты, апострафтар. Соны кішкене ойластырып, мұны азайтып, басқа бір дәйекшемен белгілесе, құба-құп болар еді деп ойлаймыз».

Аманжол Есмағұлов, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиетші:

– Әлі де асығыстық жасамай, әлі де талқылай түсу керек сияқты. 1929 жылы қабылданған латын алфабитінде, кириллицаға көшпей тұрған кездегі қолданған графикамызда «ә» әрпі, содан кейін «ө» әрпі қабылданған, көрсетілген сонда. Бұрынғы бар дүниені қайтадан жаңғыртып қосса деп ойлаймын.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button