Жаңалық

Алматыда «Рухани жаңғыру» аясында инклюзивті балалар алаңы ашылды

Алматыда Қазақстанның Тұңғыш Президенті саябағында түрлі жастағы және мүмкіндіктегі балаларды бейімдеу үшін инклюзивті алаң ашылды. Балалар кешенін жасауға және қажетті жабдықтарды алуға қаржы 2016 жылдың желтоқасан айында қаланың меценаттары мен «Дара» қоры ұйымдастырған қайырымдылық аукционында жиналған еді, деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің бапасөз қызметі.

«Өз мүмкіндіктерімізге орай барлық балаларға қожетімді мұндай алаңдарды Алматыда және басқа қалаларда ашуды жоспарладық. Мұндай кешендердің жабдықтарын отандық жеткізушілерден алуды ұйғарудамыз, соның арқасында Алматыда балалар үшін тегін әрі еш кедергісіз алаңдар көп болады деген сенімдемін», – деді «Дара»қорының. Алматы қаласы бойынша директоры Алматы Айнаш Қасенова.

Жалпы көлемі 480 км болатын кедергісіз алаңда балдырғандардың өсіп- жетілуіне оң әсер ететін элементтер: төбешігі және кең пандусы бар ойын кешені, бейімдеу каруселі мен құмдық, музыкалық компоненттер, фитнес-тренажерлер және басқалары бар. Тренажерлер мен ойын элементтері вестибулярлы және есту қабілетін арттырады, дене қозғалысы мен тактильлі сезінуді жақсартады. Ақпараттық панелдер Брайлдің тактильді шрифтін ұсынады, қимыл тілін, PEKS карточкасын көрсетеді, ерекше балдырғандарға өзге құрдастарының коммуникацияларын ұғына білуді үйретеді.

«Мен қайырымдылық шарасы барысында осындай маңызды жобаны жүзеге асыруға жететін қаржы жинағанымызға мақтанамын. Бұл кешенге 20 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсалды», – деп атап өтті жоба демеушісі Жанна Кан.

Айта кетерлігі, мегаполисте «Менің ауламдағы спорт» әлеуметтік жобасы аясында 5,5 мың баланы қамтитын 75 спорт алаңдары, ал воркауттар үшін 28 спорт қондырғылары жаңартылды. Әр ауданда биылғы қыста бұқаралық сырғанау үшін тегін мұз катоктары пайда болады.

Алматы қаласы Білім басқармасының ақпараты бойынша қалада қазіргі кезде 4 психологиялық- медициналық консультациялар, 7 психологиялық-педагогикалық коррекциялар кабинеттері жұмыс істейді. Жыл аяғына дейін Наурызбай ауданында осындай консультация мен кабинет ашу жоспарланған. Биылғы жылдың мамыр айында ерекше қамқорлықты қажет ететін азаматтар үшін Алматының флористика технологиясы колледжінің базасы негізінде кәсіби білім берудің Ресурстық орталығы ашылған еді. Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде ПМК –ларда 4576 балдырғанға, ППК-терде 984 балаға қажетті көмек көрсетілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button