Жаңалық

Атырауда Руxани келісім күні тойланды

Атырауда Руxани келісім күні тойланды. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды. Мерекеге орай өткізілетін салтанатты жиынға облыс әкімі Амандық Баталов қатысып, аймақ тұрғындарын құттықтады.

«Кеңес үкіметі тарағаннан кейін, 90-шы жылдардың бас жағында, кейбір мамандар Қазақстанның болашағы жоқ деген ұйғарымға келді. Себебі, Қазақстанда көп ұлт өмір сүреді, олардың ұстанған діндері әртүрлі, сондықтан мемлекет елдігін сақтай алмайды деп болжады. Бірақ Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатының нәтижесінде бұл пікір жоққа шықты. Еліміз керісінше татулық пен берекенің символына айналды. Бірлігі бекем, болашағына сенген ірі мемлекетке айналды», – деді Нұрлан Ноғаев.

Шара барысында еліміздің рухани келісімін нығайтуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың ішінде Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Сүйінғалиев Ғизат, Римдік-Католиктік Атырау апостол Әкімшілігінің Апостол әкімшісі Дариуш Бурас, «Вайнах» шешен-ингуштық этномәдени бірлестігінің мүшесі Зубариев Зелимхан, «Прикаспийская коммуна» саяси-қоғамдық газетін қиын жылдарында редакцияға басшылық еткен Монастырская Любовь бар.

Айта кетелік, бұл мерекені тойлау 1992 жылы қазанда Алматы қаласында өткен І әлемдік Рухани келісім конгресінде ұсынылған. Конгреске қатысушылар 18 қазанды рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдады. 1992 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда атаулы күн ретінде атап өтіледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button