Жаңалық

Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 27 жобаны жүзеге асыру үшін 700 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бағытында қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды жұмыстар қолға алынып жатқаны белгілі. Бұл ретте Жамбыл облысында да бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д. Бықыбаев хабарлады.

«Бүгінгі таңда облысымызда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында бесжылдық үлкен бағдарлама әзірленді. Еліміздің барша тұрғындары ыстық ықыласпен қабылдаған Президенттің бұл мақаласы үлкен жауапкершілікті, терең талдауды қажет ететіндіктен өңірде осындай ауқымды бағдарлама әзірленді. Тұтастай алғанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалпы жұртшылықтан қолдау тапқан, төл руханиямызды түлетуге ықпал ететін іргелі жұмыстарға арқау болады», -деп атап өтті спикер.

Өңірде соңғы жылдары мәдениет саласына ерекше назар аударылып, бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі де бірнеше есеге ұлғайған. Кітапхана қоры молайып,  мәдени нысандар жаңартылып, бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Сонымен, кейінгі 5 жылда мәдениет саласын қаржыландыру көлемі 2 млрд. теңгеге артқан және 2009 жылдан бері 3 млрд. 331,5 млн. теңгеге облыс көлемінде 249 нысан күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті. Биыл 308,0 млн. теңгеге «Баласағұн» орталық концерт залының сыртына күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілді», – деді Д.Бықыбаев.

Өткен жылы Жамбыл өңірінің рухани мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан ұлы тұлғалар мен ірі қайраткерлердің еңбектерін келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында, ұлт Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен қазақ халқының ұлы ақыны Ж.Жабаевтың 170 жылдығына орай Жамбыл атындағы «Руханият» орталығы ашылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасына мәдениет саласы бойынша 27 жоба енгізілген. Олар, «Туған жер» жобасына – 25 жоба,  «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасына – 1 жоба, «Заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасына – 1 жоба ұсынылды. Ұсынылған жобаларға жоспарланған қаржы көлемі 706,5 млн. теңгені құрайды», – деді ол.

Бұл бағытта туризмді дамыту және мұралардың танымалдылығын арттыруға негізделген киелі орындар картасы жасалып, туристік инфрақұрылымдар кеңейеді. Сонымен бірге, музей, кітап қорларын сандық жүйеге көшіру, музыка және театр фестивальдарын, конкурстарын, ақындар айтысын өткізу, театрлар мен шығармашылық ұжымдардың гастрольдері ұйымдастырылады.

Аталған жобалар қоғамдық сананы рухани жаңғыртуға өз үлесін қосып, халықтың мәдени-рухани сұранысын қанағаттандыру, олардың бос уақытын тиімді пайдалану, мәдениетті дамыту, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, шетелдерде таныстыру, сондай-ақ, кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдыру, рухани тәрбие беруге бағытталған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button