Жаңалық

Маңғыстаулық студенттер туған өлкенің тарихи орындарымен танысты (ФОТО)

Маңғыстау облысында «Туған жер» бағдарламасының аясында Бейнеу политехникалық колледжінің бір топ студенттері мен оқытушылары шежіре тұнған өлкенің тарихымен тереңірек танысу мақсатында экскурсияға шықты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бір күндік сапардың алғашқы аялдамасы Ескі Бейнеудегі Бекет атаның жерасты мешіті болды. Тарих пәнінің оқытушысы Ербек Мұрынбаев студенттерге Бекет атаның жерасты мешіттері туралы айтып берді. Ал, Ескі Бейнеудегі жерасты мешітінің бас имамы Қалымбет аға Бекет атаның өмірбаянымен таныстырып, батырлық, ағартушылық, сәулетшілік қырлары жөнінде студенттерге мол мәліметтер берді.

«Бір топ жастардың түс ауа тоқтаған жері Бейнеуден 40 шақырым жердегі Манашы сайының бойындағы Ақбота Жеменей руының перзенті Көркембай Бектұрұлының мешіті болды. Ел арасында діни білімді, имандылықты уағыздаушы адам ретінде танылған Көркембай атаның мешіті сәулет өнерінің ерекше құрылысымен таңдай қақтырды. Орта жолдағы тұрақтаған жеріміз Таз руының ұранына айналған Төремұрат батырдың кесенесі еді. Төремұрат батыр өз заманында палуан, мерген, домбырашы ретінде де елге танылған», – делінген хабарламада.

Ал, олардың соңғы тоқтаған жері табиғилығы біршама жақсы сақталған, ерекше көрікке ие Күйкен тауы болды. Қожантай Орынбаев таудың неліктен Күйкен атанғаны туралы әңгіме өрбітіп, осы тауда өмір сүрген жұрт туралы аңыз әңгімелерін баяндап берді. Туған жердің тарихына терең бойлауды мақсат еткен топ кеш бата Бейнеуге жол тартты.

Айта кетер болсақ, бір күндік экскурсияны қорытындылап студенттер өздерінің алған әсерімен бөлісті. Туған жеріміздің тарихын тереңірек зерттеуге құлшынған жастар алдағы уақытта да осындай экскурсияны ұйымдастыруды қалайтындарын ескертті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button