Жаңалық

Қазақ тілінің латын әліпбиіне оралуы оқушыларға керек – Оразкүл Асанғазы

Астанадағы №74 мектеп-гимназиясында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған еліміздің латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша соңғы ұсынылған әліпбимен танысу дөңгелек үстелі өтті, деп жазады https://baq.kz/kk/news/ruhani_zhangiru/asangazikizi_okushilarga_kazak_tilinin_latin_alipbiine_oralui_aueli_senderge_kerek20171024_163600“>Baq.kz.

Дөңгелек үстел өткізудің басты мақсаты – оқушылар мен ата-аналарға латын әліпбиіне көшудің негізгі мақсаттарын түсіндіру және Елбасыға көрсеткен соңғы нұсқамен таныстыру. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналардың қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысуына қатысты ой-пікірлерін білу.

Мектепте өткен жиынға Оразгүл Асанғазы, Сүлеймен Мәмет, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының маманы Алмажан Қадырханқызы бастаған тіл жанашырлары мен қоғам қайраткерлері, оқушылар мен ата-аналар қатысты.

«Бұл әліпбиі шын мәнісінде сендерге керек. Осы елдің ертеңі, халықтың болашағы әлемдегі кез келген елдің қатарынан қалмасын, ел білген дүниені біздің ұрпақ меңгере алмай қалмасын деген қамқорлықтан туған дүние бұл. Әлем елдерінің 80 пайызға жуыға, дамыған 30 елдің 27-сі, дүниежүзінің 45-ке жуық мемлекетінде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың 27 елде тұратындары осы латын әліпбиін қолданады. Сондықтан да бұл әліпбиді игеретін уақытымыз келді. Және біз латын әліпбиіне көшпейміз, біз ораламыз бұл әліпбиге, себебі бір кезде біздің алашорда тұсындағы қайраткерлеріміз осы әліпбиді қолданған» – деді Оразкүл Асанғазы.

Бұл жиын барысында байқағанымыз латын әліпбиіне өту барысын әуелі мектептерде, оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстарынан бастау керек секілді. Себебі еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы қазіргі оқушылар екені айтпаса да түсінікті. Бұл тұрғыда №74 мектеп-гимназиясының бастамасы көптің көкейінен шықты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button