Жаңалық

Қарағанды облысында Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған шаралар қорытындыланды

Қарағанды облысында өскелең ұрпақты ғұлама ойшыл секілді әдемі және сауатты сөйлеу, әңгімелесуші адамын иландыруға үйрету мақсатында «Қазыбек бидің қызметі мен шығармашылығы қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды факторы ретінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Қарағанды облысы әкімдігінен хабарлағандай, конференция атақты бидің 350 жылдығына арналған «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясындағы Қарағандыда өткен шаралар циклін аяқтады.

«Ұйымдастырушылар атынан мен осы шараға қатысқан қонақтар, баяндама жасайтын ғалымдарға рахмет айтамын. Шет елдік қатысушыларға ерекше алғыс білдіреміз. Бүгінгі пікір алмасулар алдағы уақытта ғылыми-зерттеу жұмыстарына септігін тигізеді деп сенемін. Осы жыл барлық қазақстандықтар үшін ерекше болды, біз қоғамдық сананы жаңғыртудағы оң жолға түстік. Жәнеде бұл жолды тарихи түп түбірімізді саралау арқылы өтіп келеміз. Мен сіздерге Елбасының сөздерін айтқым келеді – жаңа типтегі жаңғыртудың бірінші шарты – өз мәдениетімізді, ұлттық кодымызды ақтап қалу болып табылады», – деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов конференцияның ашылуында.

Сонымен қатар, аймақ басшысы  Ерлан Қошанов ғалымдарды өз туған ауылдарын, туып-өскен жерлерін ұмытпауды, жәнеде шамалары келгенше «Туған Жер» бағдарламасы аясында көмектерін көрсетуге шақырды.

«Қазыбек би «Адам үшін не қымбат?» деп жазған еді. Бидің өзі үшін ол отбасы, жақындары, отаны болатын. Меніңше бұл құндылықтар әрқаймысызға жақын әрі түсінікті, жәнеде оларды заманның өзгергеніне қарамастан дәріптеу керек», – деді философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Есім Ғарифолла.

Мұндай ұстаныммен конференцияның басқа да қатысушылары келісті. Олардың кейбірі Қазыбек бидің шешендік өнерін қазіргі заманғы білім жүйесінде қайта жандандыруды ұсынды.

«Қазір жастардың көбісі тілге шорқақ, кейде тіпті бір бірімен сөйлеспейді деуге болады. Мен Қазыбек бидің шешендік өнерін бірнеше бөлімдерге бөліп жастарға оқытуды ұсынамын. Олар ғұлама шешеннің туындыларын оқып, оның шығармашылығымен танысулары қажет. Меніңше ол жастардың тіл байлығын дамытуға үлкен септігін тигізеді. Қазір біздің жас ұрпақта бетпе-бет сөйлесу, әңгімелесу деген өте сирек кезедеседі», – деді жазушы және публицист Алдан Смайыл.

Жалпы, атақты бидің 350 жылдығын тойлау Қарағанды облысында жарты жылға созылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысындағы Егіндібұлақ ауылында Қазыбек би ескерткіші ашылды, ал Қазақстанның қалаларында Қазыбек бидің тұрған, қызмет атқарған барлық маңызды жерлерін аралап шыққан авто керуен жүріп өтті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button