Жаңалық

Оралдың жастары қазақ тілінің латын қаріпіне көшуіне орай үндеу қабылдады

2017 жылғы 26 қазанда Елбасы қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойып, жаңа әліпбиді бекітті. Осы тарихи атаулы оқиғамен өңірдің жастарын облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов құттықтады. Қазақ жазуының тарихына тоқтала келе ол қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларына тоқталып кетті.

«Латын графикасына көшудің бірден-бір себебі әлемдік кеңістікке енудің жолы болып табылады. Интернетте желісінде кириллицада жүз мыңдаған материал болса, латын графикасында миллиондап кездеседі, ал бұл ақпараттар негізінен ағылшын тілінде. Осылайша, латын тіліне көшу ағылшын тілін тез үйренуге және көптілділікті дамытуға септігін тигізері сөзсіз», – деді саясаттанушы Дос Көшім форум барысында.

Саясаттанушы Өзбекстан, Әзербайжан сияқты көршілес мемелекеттердің латын графикасына көшудегі тәжірибелерін сараптап, олардың тәжірибесін үйрену арқылы кириллицадан латын қаріпіне көшу барысында қателіктерге жол бермеу қажеттілігіне тоқталды.

Форум соңында облыс жастары қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлықты қолдау туралы үндеу қабылдады.

Атап өтер болсақ, ғасырға жуық уақытта біздің ата-бабаларымыз араб қаріпінде жазса, 1929 жылдан 1940 жыл аралығында жазу латын графикасында, қырқыншы жылдардан соң, барлық Кеңес Одағы елдерімен бірге кириллицаға көшті. Тек, тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Елбасы Н.Назарбаев латын тіліне көшу туралы мәселені көтере бастады. Осыдан 5 жыл бұрын латын графикасына толықтай  көшудің мерзімі 2025 жылға дейін деп анықталды.

Орал қаласында латын тіліне көшу тақырыбына арналған облыстық жастар форумы өтті, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының әкімдігі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button