Жаңалық

Латын әліпбиі жобасына өзгерістер енуі мүмкін –лингвист

Соңғы латын әліпбиі нұсқасында қазақ әріптері апострафтармен берілгені туралы және жалпы соңғы жобаға қатысты пікірімен Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының доктары, профессор Шолпан Жарқынбекова бөлісті.

Ш. Жарқынбекова бірінші жобада болған диграфтарды не себепті  алыптасталынғаны туралы айтып берді. Сонымен қатар,  Ш – «sh», Ж- «zh» деп диграфтармен келтірген анағұрлым ыңғайлы болатын еді деп өз пікірімен бөлісті.

«Латыншаны 10 жыл бойы қолданып келемін. Өзімнің кәсіби қызметім бойынша Еуропа, Америка елдеріндегі әріптестеріммен жиі араласып тұрамын, олар көбіне түріктер немесе сол жақта өмір сұрып жатқан этникалық қазақтар. Әрине, латыншаны пайдаланып жүрген азаматқа  sh, zh диграфтарын пайдалану анағұрлым ыңғайлырақ болады. Мәселен менің аты-жөнім Жарқынбекова Шолпан (Zharkynbekova Sholpan). Мен осыған әбден үйреніп қалдым. Қанша дегенмен нақты зерттеулер жүргізіліп қазақша мәтін көбейіп кететіні анықталған болатын. Со себепті де олар алмастырылды. Алайда қандайда бір өзгерістер болуы мүмкін», -деді ол.     

Сонымен қатар, филолог әліпбиді қабылдаудың айтарлықтай жеңіл болуы қажет екенін атап өтті.

Ақбота Күзекбай

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button