Жаңалық

Қазақ социумы латын әліпбиін қолдап отыр - Ерлан Саиров

Бекітілген латын графикасындағы қазақ әліпбиін енгізу жұмысы бойынша еліміз жолдың межесінде емес, басында ғана тұр. Астанада өткен «Жаңа әліпби – Рухани жаңғыру бастауы» атты сарапшылар форумында саясаттанушы Ерлан Саиров латын әліпбиі мен жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша пікірімен бөлісті, деп жазады http://www.inform.kz/kz/erlan-sairov-latynga-katysty-pikirtalastar-en-basty-maksatymyzga-zalalyn-tigizbeui-kerek_a3080551“>«ҚазАқпарат» ХАА.

Ерлан Саиров жаңа әліпбиден бұрын жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты ойын білдірді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда ноу-хау, инновацияларға араласпаған мемлекет тарихтың шетінде қалады.

«Бірақ, жаһандану біз секілді елдерге тағы бір қаупін алып келеді. Ол – ұлттық кодты жою. Өз танымыңды, тарихыңды білмесең, ел ретінде жоғалып кетесің. Міне, осындай диалектикалық қайшылықтан модернизация туады.  Неліктен латын әрпіне маңыз беріліп отыр? Өйткені, латын әрпін қазіргі заманда әлемнің 4 миллиардтан астам адамы қолданады. Мысалы, Қытай мен Жапония мемлекеттері бүкіл технологияларын латын әрпіне көшірген. Ол прагматикалық мәселе. Екінші мәселе – мынау қазақтың рухани әлемі басқа бір делдалсыз дүниежүзілік гуманитарлық және ғылыми айналымға шығатын болады. Бұл өте маңызды. Латын әліпбиін еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі 25 жылдағы ең маңызды рухани әрі гуманитарлық акт деп айтуға барлық негіз бар. Бұл – өркениеттік тектоникалық қозғалыс. Дегенмен, латын әліпбиіне көшу кезінде біз оның технологиясына баса маңыз аударуымыз керек», – деді саясаттанушы.

Ерлан Саиров Елбасының латын әліпбиі Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың жүрегінен әрі санасынан шығуы керек деген сөзін еске салды.

«Бүгінгі таңда біздің қоғамда үлкен пікірталас болып жатыр. Ол нені білдіреді? Ең бірінші, қазақ социумы өзінің тағдырын өз қолына алуға дайын, өз тағдырын өзі шешкісі келетінін көрсетеді. Бұл өте дұрыс тенденция. Қазіргі уақытта латын әліпбиіне қатысты болып жатқан дискуссияны біз қуанышпен, қошеметпен қарсы алуымыз керек. Өйткені, Рухани жаңғыру – оңай процесс емес. Қазақтың сана-сезімінде көптеген тарихи ауыр сезімдер бар. Сондықтан, оны еңсеру үшін бір ұлт болмақ мақсатта пікірталас алаңдары бізге қажет», – дейді ол.

Ерлан Саировтың айтуынша, қазақ социумы латын әліпбиін жалпы қолдап отыр, бірақ ең бастысы, саяси шешім қабылданды. Сонымен бірге, жаңа әліпбидің емле-ережесі бойынша жұмыс атқаратын мемлекеттік комиссияның құрылатынына тоқтала келе, сол комиссияның құрамына қоғамның ішінде беделі бар, қоғамға сөз айта алатын азаматтарды енгізу маңызды екенін жеткізді.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік шешімді қабылдау процесінде үлкен бір сарқыншақ бар. Ол латын әліпбиін ғалымдар талқылау керек деген пікір. Ол дұрыс. Бірақ, сол қоғамның пікіріне әсер ете алатын, қоғамды алға жылжыта алатын азаматтар осы комиссияның құрамынан табылуы керек. Әйтпесе, бұл шешімді іс жүзінде асыру қиын болады. Осыны нақтылауымыз керек. Қатеселпесем, қазір Қазақстанда жастардың үлесі 29 пайыз. Сол комиссияға көптеген жастарды да енгізу керек деген ойдамын», – дейді Ерлан Саиров.

Ол сонымен бірге, латын әліпбиі Қазақстанда қазақ социумын саяси ұлт деңгейіне жеткізетінін атап өтті.

«Біреу диграф, екіншісі апостроф дейді. Міне, осындай латынның ішіндегі бөлшектер ең басты мақсатымызға залалын тигізбеуі керек», – деп түйді Ерлан Саиров.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button