Жаңалық

Елімізде киелі, қасиетті саналатын жерлер көп – Берік Әбдіғали

Бұрнағы күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында еліміздегі қасиетті, киелі жерлерді анықтау үшін Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының басшысы Ғалымжан Өтелбайұлының жетекшілік етуімен тарихшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері бас қосқан жиын өтті. Жалпыұлттық деңгейдегі киелі жерлерді анықтау, ғылыми тізімдеу мен жүйелеу мәселелері жөніндегі «Дөңгелек үстелге» Ұлттық музей жанынан құрылған «Қа­сиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталы­ғының жетекшісі Берік Әбдіғали да қатысты, деп жазады Алматы ақшамы.

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Жергілікті нысандар мен елді-мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құнды­лық­­тары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткіз­гісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ осынау рухани геогра­фиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқа­шан үзілмеген. Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ. Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнық­тыруды меңзейді. Мұның бәрі тұтаса кел­генде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды. Біз жат идеоло­гиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз. Қазақстан­ның қасиетті жерлерінің мәдени-геогра­фия­лық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез-келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқа­нымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз» деген еді.

Расында елімізде киелі, қасиетті сана­ла­тын жерлер көп. Бірақ оның не себепті киелі екенін көбіміз біле бермейміз. Бұл ретте қасиетті, киелі жерлерді жүйелі түрде реттеп, тіркеп, халыққа насихаттаудың маңызы зор.

Бүгінде еліміздің әр түкпірінде «Қазақ­станның киелі жерлерінің географиясы» жобасы қызу талқыланып, қолдау тауып, жүзеге асырылуда.

Барлық облыстар мен аймақтарда жұмыс топтары құрылып, олар өз тізімдерін жасап, ұсынуда. Айта кету керек, «Қазақ­станның киелі жерлерінің географиясы» жобасының негізгі операторы болып ҚР Ұлттық музейі бекітілді. Дәл осы музей жанынан «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Өз кезегінде мұнда алдыңғы қатарлы ғалымдардың, археологтардың, тарихшы-этнографтардың және өлкетанушылардың қатысуымен сарапшылар тобы құрылды. Жалпы, жұмыс­тың басталғанына шамамен төрт ай болды. Осы аралықта жоғарыдағы сарапта­малық кеңеске өңірлерден қасиетті орын-нысанға үміткер есебінде 1000-ға тарта тізім келіп түскен. Сараптамалық кеңес осылар­дың ішінен 100 нысанды жалпыұлттық деңгейлі, 500 нысанды жергілікті маңызы бар қасиетті орын-нысан қатарына енгіз­ген. Сарапшылар бұл тізім болашақта әлі де толығуы мүмкін дейді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button